АЛТЫНОРДА
Новости

Оңтүстік Суданда 3,8 миллион адам аштық зардабын тартып отыр

Астана. 2 ақпан. Baq.kz – БҰҰ мәліметіне сүйенсек, Оңтүстік Суданда 3,8 миллион адам аштықтың зардабын тартып отыр. Елде өткен жылдың желтоқсан айында басталған басталған қақтығыстар бүгінде жаппай ашаршылыққа алып келуі мүмкін.

БҰҰ-ның Оңтүстік Судандағы өкілдерінің бірі Тоби Ланзеннің айтуынша, азық-түлік тапшылығын жою үшін 1 миллиард доллардан астам қаржы керек.
Қақтығыстар кезінде базарлардың бұзылуы салдарынан қазір елде азық-түлік таусылудың сәл-ақ алдында тұр.
Оңтүстік Судандағы азаматтық соғыс президент Сальва Киир мен бұрынғы вице-президент Риек Мачара жақтастары арасында жүріп жатыр.
Өткен аптада екі тарап оқ атпауға уағдаласқан. Келіссөздердің екінші кезеңі 7 ақпанда өтуі тиіс.
Айта кетейік, Оңүстік Судандағы қақтығыстардың салдарынан бірнеше мың адам қаза тауып, 860 мыңға жуығы өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

http://baq.kz/kk/news/42967