АЛТЫНОРДА
Новости

Оңтүстік Африка тұрғыны ауа шарымен көкке көтерілді

Оңтүстік Африка Республикасының тұрғыны Мэтт Силвер-Вэллэнс ауа шары арқылы 7 километр ұшып өтті.

Роббен аралында көкке көтерілген ол Кейптаунның маңында жерге қонды. Ұшу уақыты шамамен бір сағатты алды.

gh

hj

Мэттің негізгі кәсібі медицинамен тығыз байланысты. Ол медициналық емдеу құрылғыларын сатумен айналысады. Мэтт бұл сапарын Нельсон Мандела атындағы емхананың құрылысына ақша жинау мақсатында ұйымдастырыпты. Ұшу маршруты да кездейсоқ таңдалмаған. Осы Роббен аралында ОАР президенті 18 жыл тұтқында болған болатын. Қазіргі кезде бұл арал мұражайға айналған.

Саяхатшының айтуынша, ұшу кезінде кенеттен жел тұрып, «кеме» бағытынан айнып қала жаздаған.

Жиылған қаржы туралы ақпарат әзірге таратылған жоқ.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ctv.by, upmonitor.ru

http://massaget.kz