АЛТЫНОРДА
Новости

Обама: Республикашылармен жұмыс істесуге дайынмын

АҚШ президенті Барак Обама конгрессте қарашаның 4-інде өткен аралық сайлауда жеңіске жеткен республикашыл саясаткерлермен ынтымақтаса жұмыс істеуге уәде берді.

Қарашаның 5-і күні Ақ үйде сөйлеген Обама конгресстің республикашылдар басым өкілдер палатасын ең алдымен өзінің Эбола вирусы індетімен күресін және экстремистік «Ислам мемлекеті» ұйымына әскери операциясын қолдауға шақырды.

Демократ Обама президенттік өкілетінің қалған екі жылында енді конгрессте басым көпшілік орынды иеленген республикашыл саясаткерлермен жұмыс істейін деп отыр.

«Мен конгресстің жаңа құрамымен жұмыс істеп, алдағы екі жылымды барынша өнімді өткізгім келеді. Бұл — өте қалыпты жағдай. Біздің демократия дәл осылай жұмыс істейді. Біз6 әрине, америкалықтардың үлкен қолдауына сүйене отырып мәселелерді шешу үшін жұмыс істейміз» деді Обама.

Қарашаның 5-інде Обаманың мәлімдемесінен бұрын республикашыл сенатор Митч Макконнел федералдық үкіметтің жұмысында ешқандай кідіріс болмайды және дефолт жарияланбайды деп мәлімдеген.

Алдын-ала мәлімет бойынша, Республикашыл партия сенаттың мерзімі аяқталған 36 депутаты мен өкілдер палатасының толық құрамына сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жетіп, қос палатада да басым көпшілік орынды иеленген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141106/330/330.html?id=26676927