АЛТЫНОРДА
Региональные новости

Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

жусим.jpgьШымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Когда мысль материальна» деп аталатын жаңа икітабының тұсаукесері болып жатыр. Бұған қосымша бүгін Қазақстан Президенті, Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың  өмір жолын, қызметін, шығармашылық еңбектерін насихаттайтын ғылыми – инновациялық кабинеті ашылады.

-Бұл-ерекше кабинет. Біздің оқу орнымызда білім алып жүрген студенттер осы кабинетке келіп, Елбасымызды тереңірек білетін болады. Отаншылдыққа тәрбиелеу үшін біз оларға Қазақстанның тұңғыш Президенті, тәуелсіз Қазақстанды құру жолында елін небір қиын-қыстау кезеңдерден алып өткен жолбасшымыз туралы көбірек айтуымыз керек деп есептейміз. Бұл бір жағынан  Назарбаевтану дәрістері өткізілетін кабинет болады,-дейді Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбай Аяшев.

-Бүгін институтымызға біраз қонақтар келеді. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынхановты, белгілі қоғам қайраткері, әрі көрнекті ғалым  Мырзатай Жолдасбековті, ҚР Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты, белгілі қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар Өмірзақ Айтбаевты, Әбсаттар Дербісәліні күтіп отырмыз. Олар Н. Назарбаевтың ғылыми-инновациялық кабинетінің ашылу салтанатына қатысады, жиналған студенттерге, оқытушыларға  баяндама жасап, лекция оқиды,-деді институттың баспасөз хатшысы Ляззат Жорабекова.

 

Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы