АЛТЫНОРДА
Новости

Мектеп оқушыларына сүт пен бал беріледі

Астана. 11 наурыз. Baq.kz – Жақын күндері Өскеменнің бастауыш сынып оқушыларына сүт пен бал берілетін болады. Қала әкімдігі мектептерге осы азықтарды қолжетімді бағада жеткізу жайлы өндірушілермен меморандумға қол қойды.
Балаларға күнделікті 20 грамм бал мен кішкентай шөлмекте екі жүз грамдай сүт берілмек. Ынтымақтастық меморандумына «Пасека» мен «Шығыс Сүт», «Багратион» «Эмиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қол қойған.
«Пасека» шаруа қожалығы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мектептерге балды 30 теңгеден емес, 20 теңгеден жеткізетін болады. Дәл осындай жағдай сүтпен қамтуда да жасалды. Қалған қаржыны оқу жылы соңына дейін бюджетте қаралған қаражат жабады. Айта кетейік, балаларға сүт сатып алуға 40 миллион теңге, балға 19 миллион теңге бөлінген болатын.
Қала әкімі Темірбек Қасымжанов «Мектеп оқушыларының денсаулығы басты назарда, одан қаражат аямаймыз» дегенді айтып отыр.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев болса ақпан айының басында балаларды сүт және балмен қамтамасыз ету жайында құзырлы сала мамандарына тапсырма берген болатын. Ал меморандумға қол бүгін қойылды.
Сонымен қатар, сүт өнімін өндірушілер 2,5% сүттің бағасын көтермеу жайлы меморандумға да қол қойған. Қаланың әлеуметтік бөлімдерінде оны 155 теңгеге жеткізетін болады.

 

http://baq.kz/kk/news/44587