АЛТЫНОРДА
Новости

Қытайда 1 наурыздан бастап интернет пайдаланушыларға бақылау күшейеді

Қытайда 1 наурыздан бастап интернет пайдаланушыларға бақылау күшейедіҚытайда интернет желісін пайдаланушылар мен ғаламтордағы ақпараттарға бақылауды күшейтпек. Бұл туралы сәрсенбі күні жарияланған ҚХР Интернет-ақпарат істері жөніндегі мемлекеттік кеңседегі (ИАМК) құжатта жазылған, — деп хабарлады ТАСС.

Жаңа реттеу қағидасына сәйкес, барлық пайдаланушылар өздерінің шын есімдерін көрсете отырып, шағын блогтар, мессенджерлерде жаңа аккаунттарын тіркеуге міндетті.

Бұдан басқа, интернетте ҚХР заңнамасын бұзатын, ұлттық қауіпсіздік пен егемендіктің беделіне нұқсан келтірген, мемлекеттік билікке күйе жаққан ақпаратты орналастыруға тыйым салынды. Сондай-ақ, алып-қашпа әңгімелер, порнография, экстремизм, сектанттық шақырулар, қорлау мен ғайбат сөздерді таратумен айналысатын пайдаланушылардың есептік жазбалары мәжбүрлі өшірілетін болады.

Бұл шаралар 2015 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді.

Қазіргі уақытта қытайлық интернет секторында белгілі адамдар мен ұйымдардың жасанды аккаунттарын жабу науқандары басталып кетті. Дүйсенбі 2 ақпанда ИАМК Бейжіңде жергілікті ірі порталдар («Сина» /Sina/, «Соху» /Sohu/, «Байду» /Baidu/, «Хэсюнь» /Hexun/) өкілдерінің қатысуымен жиын өткізді. Оларға заң бұзушылыққа жол бермеу қажеттігі ескертілді.

ҚазАқпарат

Толығырақ: http://alashainasy.kz/sha/kyitayda-1-nauryizdan-bastap-internet-paydalanushyilarga-bakyilau-kusheyed-62580/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі