АЛТЫНОРДА
Новости

Қырғыз президенті ҚТЖ басшысын қабылдады

Астана. 16 мамыр. Baq.kz — Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының президенті Асқар Маминді қабылдады, — деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы темір жол көлігі саласындағы ынтымақтастық пен екі ел арасындағы жүк айанлымын өсіру, транзиттік жүк өткізілімі мәселелері талқыланды.

http://www.baq.kz/kk/news/28425