АЛТЫНОРДА
Новости

Құрбандық бар кинода…

Кинодағы өз рөлінде шын өмір сүргісі келгендер өнерге келгенде, өздерінде барын құрбандық етеді. Кейде кино саласында жүрген өнер адамдарында тәуекелге бел буатын кез көп болатыны да сондықтан шығар. Олар тапсырылған рөлді өз деңгейінде шығару үшін өзін өзгертуге де бар. Мұндай жандар баршылық.  Атап айтар болсақ…

Бұл — Мэттью Макконахи.»Сатып алушылардың Даллас клубы» кинофильміндегі СПИДпен ауыратын электриктің рөлі үшін актерге 14 килограмм салмақ тастауға тура келген.

Энн Хэтэуэй «Шеттетілгендер» кинофильміндегі туберкулезбен ауыратын жезөкше қыздың рөлін сомдау үшін шашын алдырып, күніне, көп дегенде, 500 калориядан бас тарта отырып диета ұстаған.

Кристиан Бэйл «Жауынгерлер» кинофильміндегі рөлі үшін 30 килограммен қоштасқан.

Егер сіз Руни Маруды «Айдаһар татуировкалы қыз» кинофильмінде Лисбет Саландердің рөлінен көрсеңіз, онда оны оңай тани алмайсыз. Бұл үшін оның пирсинг жасатқаны жасырын емес.

Мэтт Дэймонның жасамағаны жоқ! Ол әр рөлі үшін азды, толды… Ең соңында шашын тып-тықыр қылып алып тастады.

Том Хэнкс «Қуылған» картинасындағы рөлі үшін аз тер төкпеді. Робинзон Крузоның шығармасындағы кейіпкерді сәтті сомдау үшін оған көп салмақ тастауға тура келген.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

 

http://massaget.kz/madeniet/kino/5081