АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Кристина Агилера артық салмақтан қалай арылды(ФОТО)

'][3 жылдың ішінде әнші 30 келіге дейін салмақ қосып, қайта арықтады. 2010 жылдың соңында Агилера бұрынғы күйеуі Джордан Братманмен ажырасып кеткеннен кейін, бір сәтте толып кетті. Әншінің тыңдармандары үшін бұл күтпеген жәйт болды.

Бірде Агилера жұлдыздардың басқосу кешіне ақ көйлек киіп келеді. Осы көйлектен-ақ, оның артық салмақ қосқандығын анық байқауға болады. Ал төрт айдан кейін әнші бірден 20 келіге дейін семіріп кеткен көрінеді. Алайда, Агилера артық салмақ қостым деп алаңдаған жоқ. Қайта бойжеткендерге өзін-өзі бағалау жөнінде пайдалы кеңестер беріп, өз ойымен бөлісті. Әжептәуір салмақ қосқанына қарамастан, Агилера 2011-2012 жылдары да сәнді көйлектерін киіп, жұрттың назарына түсіп жүрді. Алайда, сүйіктісі Мэтью Ратлерді кездестірген сәтте әншінің ойы күрт өзгерді. Сүйіктісі үшін бәріне дайын екенін айтқан әнші, артық салмақтан да арылатынын жеткізді. Осылайша сөзінде тұрған Агилера небәрі жарты жылдың ішінде 37 келі салмақтан арылып, бұрынғы қалпына қайта оралды. Әншінің қалай арықтағандығын мына суреттерден көре аласыздар.

Гүлден Самылтырова


Lite.BNews.kz «lite.bnews.kz».