АЛТЫНОРДА
Новости

Кристен Стюарт пен Элизабет Бэнкс эротикалық комедияға түседі

Кристен Стюарт пен Элизабет Бэнкс эротикалық комедияға түсетін болды. «Үлкен кебіс» («The Big Shoe») деп аталатын драманы режиссер Стивен Шейнберг (Steven Shainberg) түсіргелі жатыр.

Сюжетте аяқкиім дизайнері туралы баяндалады. Оның отбасы пайдаға көбірек кенелу үшін, өнімін бір-бірлеп шығаратын дизайнерді жаппай өнім жасаумен айналысуға көндірмек болады. Сол үшін олар бас кейіпкерге арнап шабыт шақыруға көмектесетін маманды (Кристен Стюарт) және психотерапевтті (Элизабет Бэнкс) жалдайды.

Түсірілім 2013 жылы маусымда басталмақ. Жарыққа қашан шығатыны әзірге белгісіз.

 

 

http://www.kinostan.kz/news/view?id=177