АЛТЫНОРДА
Новости

Кремль саясатын сынаған сайттар бұғауланды

Ресей үкіметі Кремльдің саясатын сынаған төрт веб-сайтты жауып тастады.

Ресейдің коммуникациялар агенттігі Grani.ru, Kasparov.ru сайттары мен «Еженедельный журналдың» веб-сайтына «адамдарды рұқсат етілмеген жиындарға қатысуға шақырып, заңға қарсы әрекеттер жасауға арандатпақ болды» деген айыппен тыйым салды. Агенттік бұған қоса оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың веб-сайтын да «өзін үйқамақата ұстау тәртібін бұзды» деген айыппен бұғаулап тастаған.

Kasparov.ru — шахматтан бұрынғы әлем чемпионы, оппозициялық қайраткер Гарри Каспаровтың сайты.

Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша, ресейлік интернет провайдерлері аталған сайттарға тосқауыл қоюды бастап кеткен.

Бұл веб-сайттарға Ресей бас прокуратурасының сұрауы бойынша тыйым салынған.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140314/330/330.html?id=25296360