АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстандық топ халықаралық фестивальда өнер көрсетеді

Motor-Roller рок тобы наурыздың 15-інде Финляндия астанасында өтетін ХІV TUSOVKA халықаралық фестиваліне қатысады. Бұл туралы Tengri FM радиостансысы хабарлайды.

Топ мүшелерінің айтуынша, бұл – финн және орыс рок музыкасында 10 жылдан астам тарихы бар беделді, тәуелсіз, мәдени жоба. Фестиваль жылына екі рет өткізіледі – көктемде және күзде. Күздегі фестиваль Ресей­дің солтүстік астанасы – Санкт-Петер­бургте өтеді. Жобаға орыс, финн музы­кант­тарымен қатар, ішінара посткеңестік кеңіс­тік­тегі өзге де ұжымдар қатысып тұрады. Motor-Roller – бұл фестивальға қатысатын тұң­ғыш қазақстандық топ. «Біз фестивальдың алғашқы күні өнер көрсетеміз. 40 минут ішінде 12 ән орындауымыз қажет. Бұл деге­ніңіз – шағын концертпен тең», – дейді топ­тың солисі Ілияс Аутов. Motor-Roller – рок-му­зыка саласындағы тұңғыш ұлттық мара­патты «Рокқа деген адалдығы үшін» аталымы бойынша иеленген топ. Tengrinews.kz пор­та­лының мәліметінше, ұжым биыл Алматыда өзінің 20 жылдығына арналған концерт бермек.

Автор: Болатбек МҰХТАРОВ

 

http://alashainasy.kz