АЛТЫНОРДА
Новости

ҚАЗАҚСТАНДА ТҰҢҒЫШ СЦЕНАРИЙЛІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ

a349a2716f39b329c1dc5d8475e4fc2bАлматыда «Lumiere» сценарийлік агенттігі құрылды. Кино сценарий туралы толық ақпарат ұсынылған ашық үлгідегі мамандандырылған сценарийлік агенттік әзірше ТМД аумағында жоқ көрінеді.

«Біздің мақсатымыз — киносценарийшілердің кәсіби деңгейін арттыру үшін кинодраматургия шеберлерінің басын біріктіру арқылы барлық кинематографиялық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға септігімізді тигізу», — дейді агенттік төрағасы Жайық Сыздықов.

Қазақстандық агенттік ашық жұмыс істеуді басшылыққа алып, әуесқой сценарий жазушылармен де бірлесіп жұмыс жасамақшы және олардың құқын қорғайды.

Дуанабай Жолдасбек

 

http://www.aikyn.kz