АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстан резервтері 100 миллиард доллардан асты

Қазақстанның халықаралық резервтері, оның ішінде Ұлттық банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтері 2014 жылы 7,3 пайызға артып, 102 миллиард АҚШ долларынан асқан. Бұл туралы бүгін Ұлттық банк хабарлады.

Былтыр Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 17 пайызға көбейіп, 28,9 миллиард АҚШ долларына, ал Ұлттық қор активі 3,9 пайызға артып, 73,5 миллиард АҚШ долларына жеткен.

Ұлттық банк дерегінше, 2014 жылдың желтоқсан айында алтын-валюта қоры бір пайызға көбейіп, Ұлттық қор активтері 4,1 пайызға азайған.

Бүгін Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгі саудада бір АҚШ долларының бағамы 50 тиынға артып, 183 теңге 55 тиынды құраған.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26788412