АЛТЫНОРДА
Новости

Канн байқауы бас жүлдесі түрік фильміне берілді

АҚШ режиссері Квентин Тарантино (сол жақта) мен актриса Ума Турман (оң жақта) Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағы» сыйлығын алған Нури Билге Жейланға (ортада) қол соғып тұр. Канн, 24 мамыр 2014 жыл.Францияның Канн қаласында өткен 67-халықаралық кинофестивальдің бас жүлдесі – «Алтын пальма бұтағы» сыйлығы «Қысқы ұйқы» фильмі үшін түрік режиссері Нури Билге Жейланға берілді.

Канн қаласындағы биылғы кино байқауында бас жүлде үшін 18 фильм бәсекеге түскен еді.

Үш сағаттан аса уақыт жалғасатын «Қысқы ұйқы» фильмі орыс жазушысы Антон Чеховтың үш шығармасының желісі бойынша түсірілген. Бұл режиссердің жетінші туындысы. Бұған дейін оның үш фильмі де Канн кинофестивалінде жүлделі орындар алған.

Дәстүрлі Канн халықаралық кинофестивалінде араға 18 жыл салып бас бәйгеге түрік фильмі ие болып отыр. Бұған дейін, 1982 жылы өткен 35-халықаралық байқауда түрік режиссерлері Йылмаз Гүней мен Шериф Гөреннің «Жол» фильмі «Алтын пальма бұтағы» сыйлығын алған еді.

http://www.azattyq.org/content/news/25397117.html