АЛТЫНОРДА
Новости

Қайыржан ТӨРЕЖАН. Тарифтерге қатаң бақылау қажет

каиржанМонополист компаниялардың бірі тарифты көтерсе болды, қалғандары жаппай бағаны қымбаттата бастайды. каиржанМонополист компаниялардың бірі тарифты көтерсе болды, қалғандары жаппай бағаны қымбаттата бастайды. Бұл жыл сайын, жылдың басында, көктем шыға және күзге қарай қайталанып  отыратын процесс Бұл жыл сайын, жылдың басында, көктем шыға және күзге қарай қайталанып  отыратын процесс болғандықтан шарасыз халық оны алдын ала біліп, үрейлене күтіп отырады. Биыл да солай, жаңа жылдан бастап өмірдің барлық қызмет көрсету салалары қымбаттады. Қыс қаһарына енді мінген кезде коммуналдық қызмет түрлеріне, жылу, су, электр қуатына ақыны бұрынғыдан көбірек төлейтін болдық. Азық-түлік бағасы да өңір талғамай тұрақты түрде қымбаттап келеді. Осыдан кейін қымбатшылықпен күресіп, монополистердің аранын ауыздықтайтын Табиғи монополияларды реттеу агенттігі қайда қарайды деген ой туындайтыны рас.

Былай қарасаң Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аузынан жаман сөз шықпайды. Бәрін реттеп жатқан сияқты. Жақында ғана Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев аранын ашқан біраз алпауыттың екпінін басқанын желпіне тұрып айтты. Айтуынша, жыл басынан бері тарифті көтеру туралы 52 шағым келіп түскен екен. Соның жетеуінің негізсіз екені анықталды. Шағымды кері қайтардық. Тағы 18-і қаралып жатқанын көрінеді. Айтпақшы, Алпысбаев мырза басынан шуы арылмайтын сала су мен жылу тарифтерін реттеуге қатысты жаңа тетіктер енгізіліп жатқанын айтып қалды. Бұл тетіктер 2013-2015 жылдары еаралығында енгізіледі. Мәселен, бұдан былай су арналары желілерін кең ауқымды жаңғырту және оларды қалпына келтіру мақсатында негізгі құралдарды қайта есептеу басты міндет болып саналады. Аталған жұмыс Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Жамбыл облыстарында басталыпты. Мұның қорытындысында 2020 жылға дейін желілердің тозуы 15 пайызға, энергия тұтыну 30 пайызға төмендеуі тиіс. Жалпы биылғы жылы жұрт айтып жүргендей тарифтердің жаппай қымбаттауы болмайды. Бәрін бақылауда ұстап отырмыз», – деп атап өтті ол.

Премьер-министрдің орынбасары Бақыт Сұлтановтың пікірінше, елімізде инфляцияның жалпы көрсеткіші нақты тарифтер мен инвестицияларға қарай бейімделуі тиіс екен. Өткен жылғы экономикалық саясат жөніндегі кеңес айқындаған көрсеткіш бойынша, баға тарифінің ең шектік өсімі мен оның жалпы инфляцияға тиер үлесі 1,2 пайыздан аспауы керек. Алайда, бұл заңдылық орындалып отыр ма? ТМРА төрағасы Мұрат Оспановтың мәлімдемесіне сүйенсек, тарифтік баға инфляция аясында қатаң қадағаланып отыр. Бұған сенуге бола ма? Бұл заң болса неге тариф құны еселеп көтеріліп отыр. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жылу энергиясының тарифі 4 қалада өзгерді, 1 шаршы метр үшін төлемақы 3 теңгеден 7 теңгеге дейін өсті. Ал су бағасы таразда 2 теңге 27 тиынға, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында дәл сондай мөлшердегі суық су 25,96 теңгеге көтерілді. Сондай-ақ жолаушыларды тасымалдау тарифтері де 7 пайызға, еліміздің 8 өңірінде – Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Атырау облыстарында 1текшеметр көгілдір отын үшін 11 тиыннан бірден 1 теңге 97 тиынға дейін өзгерді. Бұл 1,2 пайыздық нормаға сай келмейтінін әрбір тұтынушы біліп отыр.

Таяуда Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік жанынан Тарифтік саясат бойынша қоғамдық кеңес құрылды. Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік басшысы Мұрат Оспановтың айтуынша, бұл кеңес  тарифтерді қалыптастыру барысында қоғамдастық ықпалын, рөлін мейлінше арттыру және тұтынушылар құқығын қорғау бағытында тарифтік бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, ашықтықты арттыру мақсатында құрылып отыр.

Бұл жерде сөз бен істің арасында үлкен алшақтық жатқан сияқты. Халықты «талап жеп» қояйын деп анталап отырған монополистерден қорғауға «антимонополистердің» шамасы жетпеді. Қыс келмей жатып жылудың бағасы еселеніп үлгерді. Бүгінде Қазақстанның солтүстіктегі 4 қаласында жылу тарифтері 3-тен 7 теңгеге дейін жоғарылады. Ол аздай республиканың 14 өңірінде бірден электр энергиясының қызуы көтеріліп сала берді. Қызмет көрсету ақысы да 6 пайыздан бірден  98 пайыз аралығында өсіп кетті. Есесіне қызмет көрсету сапасы жақсарған жоқ. Керісінше, кері кетіп барады. Тарифтердің өзгеруінің басты себептеріне тоқталсақ, бірінші кезекте бұл шара активтерді жаңғырту, қызметтердің сапасын және экономиканы дамыту үшін қажет болыпты. Оның ішінде сумен жабдықтау және кәріз жүйесі қызметтеріне тарифтер өсуінің негізгі себебі — электр энергиясына бағаның көтерілуі, ал оған электр энергиясын өндіру тарифтерінің өсуі, жылумен жабдықтау тарифтерінің өсуіне отын (көмір, газ, мазут) бағасының көтерілуі негіз болды. Осылайша монополистер бірін-бірі түртіп, ұлттық валютаның құнсыздануына итермеледі.

«Трансэнерго» акционерлік қоғамының да тариф неге өсті деген сұраққа айтар уәжі бар. Олардың 2010-2012 жылдарға бекітілген тарифтерінің шекті деңгейі туралы сметасының мерзімі аяқталған. Енді жаңа сметалық құжат дайындау кезінде шикізат материалдарының, судың, электр энергиясының, жылу энергиясының, жанар-жағармайдың қымбаттағаны, яғни шығын ұлғайғаны анықталыпты. Сонымен «Трансэнерго» АҚ тарифтерін өсіруге диаметрі әртүрлі құбырлардың, тасымалдау қызметінің, судың бағасы қымбаттағаны әсер етіпті.

– Табиғи монополияларды реттеу агенттігін ешкім реттеп отырған жоқ. Менің түсінігімше, монополистер тарифтің өсуінен, халықтан жиналған ақшадан өздеріне жалақыны өсіріп, капиталды сыртқа жіберіп жатыр. Осындай күдігім бар. Өйткені материалдық жабдықтау жоқ, бірақ халықтан қаржыны жинап жатыр. Ал капиталдың сыртқа жылыстап жатқаны шындық. Қазақстаннан бір жылдың ішінде 138 млрд доллар шет елдерге шығып кетіпті. Коммуналдық тарифтердың көтерілу себептерінің бірі  осы емес пе екен, деп көп ойландым. Жақында осы мәселелерді зерттеп жүрген Тоқтар Есіркепов деген ғалым басылым бетінде «Тарифтерді жиі-жиі өсіреміз, оны халық төлейді. Онда Табиғи монополияларды реттеу агенттігін не үшін ұстаймыз? Олай болатын болса барлығын акцияға айналдырайық та, ол ақша инвестиция болсын», деген пікірін айтты. Осы дұрыс па деймін. Бұған Елбасының өзі кіріспесе Үкіметтің де шамасы жетпей ме, деп ойлаймын. Мүмкін халықтан түсіп жатқан ақшаға тікелей бақылау жасайтын орган құру керек шығар? – дейді экономист-қаржыгер Ілияс Исаев.

Жыл сайын «құбырларды ауыстырамыз» деген сылтаумен тарифтер көтеріледі, бірақ жылу құбырлары жаңармайды. Кеше ғана Алматы қаласында жылу трассасы жарылып, жанынан өтіп бара жатқан автобустағы 5 адам зардап шекті. «Алматы жылу» холдингінен Яна Гиринаның айтуынша, қалада көпқабатты 63 тұрғын үй, 2 – балабақша, 2 – мектеп, 2 — аурухана жылусыз қалған. Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәлімдеуінше, апаттың себебі – 27 жыл бойы ауыстырылмаған су құбырларының шіріп кетуі. Мұндай жағдайлардың алдағы уақытта  қайталана беруі әбден мүмкін. Өйткені, мамандар Алматыдағы жылу жүйесіндегі құбырлардың 600 шақырымнан астамы шіріп жатқанын айтады, соның салдарынан қазандықтан тұтынушыға жеткенше жылудың 50 пайызы далаға кетеді. Оны да тұтынушылар қалтасынан төлеп жатыр.

Бүгінде еліміз бойынша су құбыры желілерінің 70 пайызы тозған. Соның салдарынан судың 35 пайызы далаға кетіп жатыр. Әр текше метріне ақша төлеп отырған тұтынушылар суды далаға ағызбайды, бұл тариф құнын негізсіз, үнемі еселеп көтеріп отырған монополистердің мойнындағы дүние. Қашқан суға солар жауап беруі керек. Егер олар тұтынушыға жетпей жатып, орта жолда магистральдан жырылған суды тоқтатып, құбырларын жамай алмаса халықтан жиналған қаржыны қайда жұмсап жатыр?

Мысалы, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС алға қойған стратегиялық мақсаттарымыз: «Жаңа технология енгізу негізінде Компания  іс-қызметінің жоғары тиімділігі  мен көрсетілетін қызметтің жоғары сапасын қамтамасыз ету, өндірістік шығыстарды азайту» деп көрсетеді. Шығынды азайтса тариф құны неге көтереді, керісінше баға төмендеуі тиіс емес пе? Бүгінде бағанының әрбір үш-төрт айда көтерілуінен тұтынушылар «көтерем» болып титықтап, оны төлей алмайтын халге жетті. «Алматы жылу жүйесі» компаниясының жылу қуаты өтімі жөніндегі басқарма бастығы Марина Хохлованың мәлімдеуінше, өткен жылы компания тұтынушылардан қарызды сот арқылы талап етіп, 1122 шағым түсіріпті. Ал жұмыстарына жауапсыз қарағандықтан құбырлары жарылып, көшедегі жүргіншілердің өміріне қауіп төндіргені үшін, қатты аязда мыңдаған адамды жылусыз қалдырғаны үшін оларды ешкім сотқа беріп жатқан жоқ.

Тарифтердің негізсіз көтерілуі халықтың орташа табыс деңгейімен сәйкестендіріп жасалмағандықтан, тұрғындарға өте ауыр тиіп жатыр. Жақында еліміздегі зейнетақы көлемі 9 пайызға ғана өсті. Ал тариф құны кемінде 30 пайызға ұлғайып жатыр. Тепе-теңдік қайда? «Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейін көрсететін сомаға өмір сүру мүмкін емес, оның бір ғана қарапайым себебі – коммуналдық қызметтер одан екі есе қымбат, — дейді Мәжіліс депутаты, Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті Светлана Романовская, —  зейнеткерлерге немесе басқадай, екі адам болып тұрғанның өзінде бұл әрбір адамға ең қажеттіліктің оннан бір бөлігіне де жетпейді. Бізде медициналық қызмет өте қымбат. Ал 7-8 мың теңге өте аз. Тіпті кішкентай баланың өмір сүруіне бұл ақша жетпейді. Бұл жерде экономикалық есеппен байланысты коцептуалдық нәрселер керек сияқты, адам минималды тұтынатындарын есепке ала отырып, ең төменгі тұтыну себетін жасау керек. Қазір біз зейнеткерлерге көмектесу үшін әлеуметтік серіктестіктің нормативтік-құқықтық базасын қабылдап жатырмыз. Мемлекеттік қазынаның түпсіз емес екенін түсінеміз, екінші жағынан бағаның барлығына өсетіні белгілі. Тепе-теңдікті ұстап тұру керек. Бізге қаржының бақылануын талап етуіміз керек. Қаншама ақша шығарылып жатыр, бірақ өмір сапасының жақсарғанын ешкім сезінген жоқ. Бұл үшін халықтық бақылау қажет. Ең бастысы бұл ұсыныс «Нұр Отан» партиясы тарапынан үлкен қолдауға ие болып отырмыз. Жасалып жатқан заң жобасы көптеген проблеманы шешуге мүмкіндік береді деп сенемін», – дейді ол.

Бұл ретте ТМРА тарифтік бағаны белгілеуге, коммуналдық қызметтер төлемдерін бақылауға ашықтықты арттыру мақсатында заң жобасын әзірлеген екен. Жоба қазір мемлекеттік органдардың талқысына салынуда, алдағы уақытта Үкіметке өткізілмекші.

Қай елде болмасын, тариф құнының өсуі заңды құбылыс. Бұл құбылыс батыс елдерінде жыл мерзіміне қарай, маусымға қарай құбылып тұратын тенденция. Ал бізде қалай? Қыс мерзімінде жылу мен электр қуатының бағасы қымбауын заңды деп есептейік. Ал суық судың тарифін көтерудің не қажеті бар? Ақылға сыйымсыз дүние. Баға көтерілген сайын шенеуніктердің айтатын бір уәжі бар: «Еуропаны алайық, басқа елдерін қараңыздар, тұрғындар суға, жарыққа, жылуға екі есе көп төлейді» деп, бізге наразылық таныту күнә екендігін меңзейді. Алайда, коммуналдық тарифтерді салыстырған кезде жан басына шаққандағы орташа табысты да есептеу керек қой. Өйтені белгіленген қызмет құны бір елдің азамттары үшін тиын сияқты болса, екінші елдің тұрғындарының белін қайыстыратын батпан жүк болуы мүмкін.

Бұған әлемдік деңгейдегі мөлшермен қарауға болмайды ғой. Мысалға бірнеше елдің жағдайын келтірейік. Біріккен Араб Әмірлігінде жылу қызметі тұрмақ, жарық пен суға да ақша төлеудің қажеттігі жоқ. Көрші Түркіменстанда коммуналдық қызметке төлем жасау деген ұғым мүлде жоқ, оны үкімет мойнына алған. Мозамбикте электр қуатына алдын ала төлеп тастайды, сондықтан тарифті ай сайын өсіру деген оларда жоқ. Коммуналдық қызметтер бізден екі есе аз, мысалы қоқыс шығаруға айына 60 теңге төлейді. Исландияда айына коммуналдық қызметтің барлық түріне төлейтіндері 200 доллардан аспайды. Орташа жалақылары бізден 2-3 есе көп Германияда суық суға жылына 69-75 еуро төлейді, ал Черногорие текше метрге 0,54 еуро, Испания — 0,16 еуро ғана төлейді. Болгарлар 1 киловаттқа 0,01 еуро, испандар КВт-қа 0,08 еуро (айына 0,54 еуро) береді. Газ бағасы туралы айтпаса да болады, бізбен салыстырғанда су тегін. Ал енді Қазақстанмен салыстырып көріңіз.

Ал шенеуніктер жақын арада қымбатшылық болмайды деп отыр. Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев та елордада қымбатшылық болмайтынын мәлім етті. Бұл да кезекті ертегісі болып кетпесе болғаны.

 болғандықтан шарасыз халық оны алдын ала біліп, үрейлене күтіп отырады. Биыл да солай, жаңа жылдан бастап өмірдің барлық қызмет көрсету салалары қымбаттады. Қыс қаһарына енді мінген кезде коммуналдық қызмет түрлеріне, жылу, су, электр қуатына ақыны бұрынғыдан көбірек төлейтін болдық. Азық-түлік бағасы да өңір талғамай тұрақты түрде қымбаттап келеді. Осыдан кейін қымбатшылықпен күресіп, монополистердің аранын ауыздықтайтын Табиғи монополияларды реттеу агенттігі қайда қарайды деген ой туындайтыны рас.