АЛТЫНОРДА
Новости

ИНДИРАҒА ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Ұлыбританияда колледжде оқитын қазақстандық Индира Гайниеваға іздеу жарияланды.

Бұл туралы The Telegraph жазған ақпаратқа сүйене отырып. Tengrinews.kz агенттігі хабарлады.

16 жастағы оқушы қыз Стонихерсттегі жабық мектеп-интернатында оқыған. Оның жанында Эдвард Баниан есімді танысы да болған көрінеді. Олар Манчестер әуежайынан Доминикан республикасына кетті деген дерек бар. Жергілікті полиция екі оқушыны қымбат жағажайлардан іздестіруге кіріскен. Ал оқу орнының басшылары екі шәкіртті тезірек оқу ордасына қайтаруды ойластыруда. Колледжге кіріп-шығудың күрделілігіне қарамастан олардың сыртқа қалай шыққаны түсініксіз болып тұр.

 

Дуанабай Жолдасбек

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/40235