АЛТЫНОРДА
Новости

Грэмми-2013: қызыл кілем

10 ақпан күні Лос-Анджелестің Staples Center спорттық кешенінің қабырғалары жанкүйерлердің айқайынан емес, бас-гитаралардың дыбысы мен АҚШ-тың үздік дауыстарынан дірілдеді. Өйткені бұнда 55-рет Грэмми музыкалық марапаттау салтанаты өтті. Осы жылы салатанатты кешке көптеген танымал тұлғалар жиналды. Солардың ішінде Дженнифер Лопес, Джонни Депп, Бейонсе, Николь Кидман, Адель, Стинг, Рианна және т.б. бар.

Жұлдыздардың дерлігі CBS телеарнасының «қатты жалаңаштанбауларыңызды сұраймыз» деген өтінішіне құлақ асып, байсалды киімдерді киіп келген. Тек Дженнифер Лопес пен Кэти Перриғана көптің арасынан ерекшеленіп тұрды.

Дженнифер Anthony Vaccarello-ның санынан тілінген қара көйлегін таңдапты. Grammy жеңімпазын атауға сахнаға шыққанда Джей Ло: «CBS-тің хатын оқыдым, бірақ онда аяқ туралы ештеңе айтылмапты!» деп ережені қалжыңға айналдырды.

Кэти Перри қызыл кілемге Gucci-дің ұзын ашық-жасыл көйлегімен келді. Бұл көйлек оның әдемі мүсіні мен үлкен кеудесін әдемі суреттеп тұрды.

Бейонс (Osman)

Рианна (Azzedine Alaia)

Дженна Джеймсон

Адель (Valentino Couture)

Бонни МакКи

Келли Роуланд (Georges Chakra)

Тэйлор Свифт (J. Mendel)

Ашанти (Tony Ward Couture)

Николь Кидман (Vera Wang)

Келли Осборн (Paule Ka)

Кимбра

Соланж Ноулз (Ralph & Russo Couture)

Алиша Кис (Azzedine Alaia)

Суреттер: woman.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

 

http://massaget.kz/bastangy/sn/8038