АЛТЫНОРДА
Новости

Еуразиялық ықпалдастық идеясы студенттерге түсіндірілді

АСТАНА. 28 мамыр. BAQ.KZ – Интеграция жағдайында өмір сүру жас буынның еншісінде. Бүгін Астанада Еуразиялық ықпалдастық идеясы студенттерге түсіндірілді.

 

«Нұр Отан» париясы ұйымдастырған шара Еуразия ұлттық университеті қабырғасында өтті. Партия төрағасы Бауыржан Байбек болашақ мамандар алдында сөз сөйлеп, құрылғалы тұрған Еуразиялық экономикалық одақтың мақсаты мен тиімділігін түсіндірді. Студенттер де бұл бастаманың маңыздылығынан хабардар екендіктерін байқатты. Бұдан бөлек, «Нұр Отан» партиясы одаққа қатысты қазақстандықтар жиі қоятын 20 сауалға жауап беретін анықтамалық брошюра басып шығарған.

 

Мақсат Хабаров, магистрант:

— Қазіргі таңда еуразиялық ықпалдастыққа байланысты келелі дәріс өтті. «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өткенін айта кету керек. Дамыған 30 мемлекеттің бәрі де осындай экономикалық ықпалдастықта бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізуде. Сондықтан дамушы ел ретінде .

http://baq.kz/kk/news/47844