АЛТЫНОРДА
Новости

ЕЛГЕ ТАНЫМАЛ 10 ПРОДЮСЕР

Соңғы 10-15 жыл көлемінде Қазақстанда шоу-бизнес саласы дамып келеді. Хақ тағаладан бе­рілген бармақтай бақ пен таудай талап, азда болса талант, біршама қаражат және жақсы таныс болса отандық шоу-бизнестен ойып тұ­рып орын алуға болатын-ды.

Жо­ға­рыда аталғандарға қоса таны­мал продюсердің қажет екені де белгілі. Аса қажет. Ендеше, елі­міз­дегі танымал деген продюсерлерді түгендеп көрелік. Танымал про­дю­сердің ондығын таяуда qaznews.kz сайты жариялаған болатын.
1. Баян Есентаева — «Кеш Ю» тобы, Айлан, Айгүл Иманбаева жә­не тағы да басқа әншілердің про­дюсері, «Саз әлемі», «Қазақ аруы» жоба-байқауының ұйымдасты­рушысы. Ол 2012 жылы «Ғашық жүрек» атты екі сериялы фильм түсірілді, соңынан осы фильмді телесериал етіп шығарды. Баян Есентаеваның «Ел арна» телеар­насында «Тракторшының махаб­баты» телехикаясы көрсетілді. Таяу­да Баянның «Абайлаңыз, сиыр» атты картинасы қазақ­стан­дық прокатқа шықты.
2. Қыдырәлі Болманов 1996 жылы «АБК» тобының негізін қа­лады және «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі болды. Оның ең үздік жобасы «Ұлытау» этно-рок стиліндегі музыкалық ұжым. Сондай-ақ Рахат Тұрлыхановқа «Бангор» тобына, Қарақатқа про­дюсерлік етті.
3. Ұлықпан Жолдасов «Кас­пий», «Заман», «Самал» және «Нами» топтарының негізін қа­лаушы. Ол өзінің балалары Болат Жолдасов пен Фарида Жолда­со­ва­ның жеке шығармашылығына да демеу беріп отырады.
4. Гүлзира Үсенқызы отандық шоу-бизнесте ойып тұрып орын алған Қайрат Нұртастың про­дю­сері.
Бүгінде Қайраттың 100-ге жуық әні бар, жақында «КН» журналы да жарыққа шықты. «Қайрат түшкірсе де хит» дегендей оның әндерінің бәрі дерлік хитке айналып жатады. Таяуда «Өкініш» атты фильмін де көрермендер на­зарына ұсынды.
5. Ерік Тастембековтің есімі тек Қазақстан ғана емес, Ресей шоу-бизнесінің өкілдеріне де ете­не таныс. Ол әнші Мақпал Исабе­кованы өз шығармашылық жо­ба­сы ретінде тек Қазақстанға ғана емес, Ресейдің шоу-бизнесіне де араластыра білді. Ол «101» және «Текила», «Гильдия» тобының продюсері.
6. Алуа Қонарова продюсер­-
лік ететін «Ринго» тобы ТМД ел­дері арасындағы «Новая Волна» байқауына қатысты. Таяуда ол «Аюми» қыздар тобын құрды.
7. Ерғали Әбдірайымов қазақ тыңдармандарының сүйіктіле­рі-не айналған «Жігіттер» квартетін қалыптастырды. Ерғали Әбді­рай­ымовтың өзге де танымал шығар­машылық жобалары – Асқар Жүнісбеков, «Жалын» топтары.
8. Сәбит Әбдіхалықов. Ол Айгүл Иманбаева мен жұбайы Алтынай Жорабаеваның басын қосып, «Тату-тәтті» тобын құрып, біраз елді таңғалдырды. Сәбит Әбдіхалықов одан өзге «Қазы­ғұрт­фильм» төл киностудиясында бес фильм түсірді. Қайрат Әлімгерей және Талғат Жорабаев сынды өнерлі жігіттердің продюсері.
9. Нұржан Қожабеков, «Сәт» триосының продюсері. Азат, Тұрар, Сапарбай деген зағип жігіттерден тұратын бұл топтың әзірге 22 әні жазылған. Сонымен қатар Нұржан «Раян», «Серпіліс», «Нұрай», «Еркеле» топтарына продюсерлік етеді.
10. Майра Ілиясова продюсер ретінде көптеген жас әншілердің, топтардың танылуына мұрындық болып жүр. Сондай-ақ ол «Сағын­дырған әндер-ай», «Жан анам», т.б жобаларды, қайырымдылық кон­церттерін ұйымдастырумен ерек­шеленеді.
Бұдан бөлек, шоу-бизнесте та­ны­лып, еңбек етіп жүрген Марлен Қарабас, Әділ Жамбақиев, Әділ Лиян, Жамшит Карин, Жомарт Сүлейменов, Нұржан Тойшы се­кіл­ді продюсерлерді айтуға бола­ды.

Didar TV» жетекшiсi – Айдана НҰРМҰХАН

http://www.aikyn.kz/articles/view/45411