АЛТЫНОРДА
Новости

БҰҰ: Украинада қаза тапқандар үш жарым мыңнан асты

БҰҰ-ның соңғы дерегі бойынша, Украинада қарулы қақтығыстар кесірінен қаза тапқан адам саны үш жарым мыңнан асқан.

БҰҰ бас хатшысының адам құқықтары жөніндегі көмекшісі Иван Симонович адам құқықтары жөніндегі кеңеске 21 қыркүйекке дейінгі ресми мәліметтерде 3543 адамның қазасы тіркелгенін, олардың арасында шілде айында құлаған малайзиялық жолаушылар ұшағында болған 298 адамның да барын айтты. Бірақ Симонович қаза тапқандардың нақты саны ресми көрсеткіштен әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін ескертті.

Бұған дейінгі ресми есеп бойынша, Украина қақтығысынан қаза тапқандар саны 2600 адамды құраған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140924/330/330.html?id=26603309