АЛТЫНОРДА
Новости

Ботаникалық бақ салуға 750 млн. теңге бөлінді

садАстана. 28 қараша. Baq.kz – Астана қаласында ботаникалық бақ салуға республикалық бюджеттен 750 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

сад

 

Ботаникалық бақтың құрылысына бөлінген учаске – Қабанбай батыр даңғылы, Түркістан, №24 және №26 көшелерінің бойында орналасқан. Учаскенің жалпы ауданы 97,5 гектар, оның ішінде құрылыс алаңы – 7,75 гектар, су құрылымы – 5,1 гектар, төбесі жабылатын алаң – 23,52 гектар және көгалдандыратын алаң – 64,2 гектар.
Әкімдіктің мәліметі бойынша, нысанның бірінші кезегінің техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
Қазіргі уақытта ботаникалық бақтың бірінші кезегінің құрылысын салу бойынша мердігерлік жұмыстарға мемлекеттік сатып алу туралы байқау жарияланды. Нысанды іске асыру кезеңі – 2013-2016 жылдар аралығы.

http://baq.kz/kk/news/39975