АЛТЫНОРДА
Новости спорта

«Бавария» ФК ойыншыларымен кездесу ушін күрес басталып кетті!!!

images (1)30 сәуір күні «Арманыңа жақында!» атты жетім балалардың арасындағы футболдан Үшінші Республикалық чемпионаты басталады. Республикамыздың 10 облысынан чемпион атағы үшін күресетін 19 команда ойындағы өз шеберліктерін, жеңіске деген жігерін, өз армандарына деген құлшыныстарын танытатын кез туды. Чемпионаттың басты сыйлығы — Мюнхеннің (Германия) ALLIANZ ARENA стадионына жолдама әрі «Бавария» ФК ойыншыларымен кездесу.
2013 жылы өткен I Республикалық чемпионаттың жеңімпаз–командасы Есіл қаласындағы №2 балалар үйінің тәрбиеленушілері «Барселона» клубы мен әйгілі «Камп Ноу» стадионын, ал 2014- жылы Миландағы «Миланелло» кешеніне жолдаманы Алматы облыстық №1-балалар үйінің тәрбиеленушілерінен құрылған «Барыс» командасы ұтып алған болатын.
Жобаны ұйымдастырушы «Бауыржан» қайырымдылық қорының ұстанған басты мақсаты – Жетім балалар арасында болашақта Қазақстан футболына сүбелі үлес қосатын футбол таланттарын дамытып, ынталандыру. Ұйымдастырушылар жылсайын «Цесна Банктің», «Нұр Отан» партиясының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің және ҚР Футбол Федерациясының қолдауымен жетім балалардың өздеріне және болашаққа деген сенімділіктерін арттыра отырып өз күшін көрсетуге және дәлелдеуге, өз әлуетін сынап көруге мүмкіндік туғызуды көздейді.
Сонымен қатар, Қазақстан футбол чемпионатының жеңімпаздары футболдан балалар үйі мен мектеп-интернаттың командалары арасында өтетін Бүкілресейлік «Болашақ сенің қолыңда» атты чемпионатта еліміздің намысын қорғамақ. 2015–жылдың 27–мамырында Сочи қаласында өтетін чемпионатта Ресей Федерациясының барлық облыстарынан, Татарстанның, Ингушетияның, Коми Республикасының және басқа да мемлекеттердің үздік командалары қатысатын болады.
Чемпионаттан кейінгі жеңімпаздардың өмірі, жаңа халықаралық деңгейдегі ойын, Әлемнің әйгілі футбол клубы ойыншыларымен кездесу туралы, және басқа да қызықты ақпараттарды Сіздер жетім балалар арасында өткізілетін «Арманыңа жақында!» атты III Республикалық чемпинаттың басталуына орай өткізілетін баспасөз отырысынан біле аласыздар. Баспасөз отырысы Алматы қ. Абай даңғ. 48-үй мекен-жайы бойынша Орталық Стадионның баспасөз-залында өтеді.

Спикерлер:
Махашов Жандос — «Цеснабанк» АҚ филиалының директоры
Омарбекова Жұлдыз – «Бауыржан» Қайырымдылық Қорының негізін қалаушы
Әділбек Ғани — «Нұр Отан» Партиясының баспасөз–хатшысы
Катков Виктор – Алматы қ. ФКФ өкілеттілігінің директоры
Сарсенбаев Ерік — «Барыс» командасыны жаттықтырушысы
ҚР БҒМ балаларды қорғау комитетінің өкілі
«Қайрат» Футбол клубының ойыншысы

Қосымша сұрақтар бойынша:
Маметекова Айгерим
Тел: 8 727 315 15 11
Моб: 8 778 105 96 20

Өткізілу уақыты: 30 — сәуір
Уақыты: 11:00
Өткізілетін орыны: Алматы қ. Орталық стадионның баспасөз–залы