АЛТЫНОРДА
Новости

Батырға арналған ескерткіш ашылады

АСТАНА. 16 сәуір. BAQ.KZ – Қазақ халқының даңқты батыры Жанқожа батырдың 240 жылдығына орай Қызылорда қаласында ескерткіш бой көтереді. Бұл туралы Жанқожа Нұрмұхаммедұлының туғанына 240 жылдығын атап өтуді ұйымдастыру комиссиясы хабарлады.

«Іс-шара Қызылорда қаласындағы Батырға орнатылған ескерткіш ашумен басталады. Одан соң Студенттер сарайында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі. Конференциядан кейін баба рухына арналып ас беріледі. Астан соң қонақтар Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіне сапарлайды. Баба мерейтойына Астана, Алматы қалаларынан , Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Манғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан, Қарақалпақстан, Мәскеу, Орынбор қалаларынан, облыстың барлық ауданы мен Қызылорда қаласынан қонақтар шақырылады», — деді комиссия төрағасының орынбасары Т.Бөріқұлақов.
Сонымен қатар, осы шара барысында Рүстем Жанайдың «Жанқожа батыр» спектаклі көрсетіліп, Мәдениет орталығында «Ел қорғаны, Ер Жәкем» атты ақындар мүшәйрасы өтпек.
Айта өтейік, бұл шара Жанқожа ауылындағы шара ауыл орталығындағы Тағзым алаңын ашудан басталып, Батыр құрметіне салынған саябақтың ашылуын және сондағы театрландырылған көріністерді көрумен жалғасады. Сонымен бірге, сол жерде қазақ күресі, кір көтеру, қол күресінен жарыс өткізіледі. Іс – шара аяқталуына қарай саябақты айнала тігілген 75 киіз үйден, 4 жерде орналастырылған шатырлардан халыққа ас беріледі. Аста құран хатым жасалады. Баба ұрпақтарының қолдауымен тігілетін 80 киіз үйді 20 ауылға бөліп тігу жоспарланып отыр.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

http://baq.kz/kk/material/533