АЛТЫНОРДА
Новости

Баланы жазалаған дұрыс па?

434_70484aef667513c0066dc2ecf8a4b331Астана. 10 қыркүйек. Baq.kz – Жақсы отбасында жазалау деген ешқашан болмайды, және бұл отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы. Бірақ тәрбиесі төмен отбасылар кездеседі, бұндай отбасыларда жаза қолданбау мүмкін емес. Осындай кезде ата-аналар жазаға немқұрайлы қарап, көбінесе істі түзетудің орнына бүлдіріп алады. Жазалау — өте қиын зат; ол тәрбиелеушіден үлкен әдептілік пен сақтықты талап етеді, сондықтан біз ата-аналарға мүмкіндігі бойынша жазалаудан аулақ болып дұрыс тәртіпті қалыптастыруды ұсынамыз. Әрине бұған көп уақыт керек, бірақ шыдамдылық танытып нәтижесін күту керек.

Бала қалай жазаланса да, ол не істесе де, ол сізді әрқашан туған, жақын адам ретінде сезінуі тиіс. Баланы, сіздердің барлықтарыңызға қиын жағдай болған кезде итермелеуге болмайды.
Бала өз кінәсін үндемей және қинала уайымдайтын жағдайда, ересек баланы кемсітетін кешірімді талап етпей ақ, қолын бірінші ұсынуы керек. Бұл жазасыз қалдыру емес, бұл ақ көңілділік. Егер бірінші болып айыпты бала келсе, онда сізде айбыңызды мойындауыңыз қажет (шынайы түрде): «Білесің бе, мен бір нәрсе істеп қойдым, кел түсінесейік…» немесе жай ғана «кешір, мен қызбалық таныттым…».
Бірақ осыдан кейін еш нәрсені еске түсірмеу қажет, ары қарай талқылауға кешірімді қылық жасамау керек, жазалау себебі – бұл ызаны, жабырқаулықты, өкпені тудырады. Нәтижесінде, алғашқы кінә ұмытылып, ал өкпе қалады.
Дәл осылай сақ және қолдау көрсете білу керек. Алдын-ала ешқандай сыйлық немесе марапатқа уәде беруге болмайды. Дұрысы жай мадақтау немесе марапатпен шектелу керек. Бала қуанышы, қанағаты, ойын-сауығы балаға жақсы қылық үшін марапат ретінде емес, баланың дұрыс қажеттілігін табиғи қанағаттандыру ретінде болуы тиіс. Балаға не қажет болса соны баланың еңбегіне қарамай, барлық жағдайда беру керек, ал балаға қажетсіз және зиянды нәрсені марапат ретінде беруге болмайды.
Өкінішке орай, кейбір отбасылар қаталдық пен қатыгездік тәрбие құралы болып табылады деп санайды. Көбісі өзінің балалық шағын, әке-шешесінің зорлық-зомбылығын естеріне түсіріп, осындай тәрбиені сенімді деп санайды: міне бізді кезінде ұрды да ұрысты да, бірақ адам болып шықтық қой.
Балаға сәби кезінен бастап саналы түрде қатал жаза қолданатын адамдар қатары да кездеседі. Балаға деген сүйіспеншілік пен нәзіктілік оларға айқын жауыздық ретінде қабылданады. Олар тәрбие бойынша серіктестерімен жиі жанжалға түседі — әйелі немесе күйеуі. Баланың көзінше ұрыс туындап, жанжал шығады. Балаға, ең жақын адамдары қолдау көрсетпесе, бала қалыпты өмір сүре алмайды.
Мамандар мынадай шешімге келді, биологиялық жағынан толық жаратылған, бірақ ата-ананың жылуынан айырылған балалардың қалыпты дамуы бұзылады, оның бейімделу мүмкіншіліг аз болады.
Балаға жоғарғы талап қою, зеріктіретін ғибраттылық, баланы «суық», үндемей тәрбиелеу әрекеті неге әкеліп соқтырады? Күтілетін және нақты нәтижелердің айырмашылығы бола ма? Ереже сияқты бұндай стиль, ата-аналардың ұшқалақ мінезі, олар баладан өздеріне жетіспегендерін талап етеді. Осымен қатар, өкінішке орай бала ата-анасының қылығын қайталап отырғанын түсінбейді. Мысалы, үйде ата-аналардың біреуі қызбалық білдірсе, шешесі өз баласын сабырлы, әдепті, шыдамды болуға үйретіп, оны сосындай қарым-қатынасқа үйретеді, бірақ бұның бәрін пайдасыз деп санауға болады.
Ата-ананың істеген қылығының барлығын бала тез қабылдап алады. Өзіне деген адалдықсыз, талап етпеушілік, немесе керісінше, қоршаған ортаға деген жоғарғы талаптарды олар ешқандай қиындықсыз, дайын үлгі ретінде қабылдайды. Ал, өсе келе мұғалімнің, құрбыларының өзіне деген қарым-қатынасын «әділетсіз» деп наразы білдіреді, немесе қынырлықпен, басқыншылықпен қорғанады, немесе ешкімге ашылмай, өз өзімен қайғырады.
Осындай қатал қарым-қатынас болған отбасылардағы балалардың неврологиялық реті бұзылады: тұтығу, түнгі қорқыныштар, ұйқының бұзылуы. Кішкентай адамның психикасы – өте жіңішке аспап, оны жеңіл бұзып, сындырып алуға болады, бірақ сосын оны түзету қиынға түседі.
Сондықтан өз балаларыңыздың қылықтарын түсінуге тырысыңыздар. Ешқашан шешім шығаруға асықпаңыздар, әсіресе жаза қолдануға асықпаңыздар.

Ақпарат интернет беттерінен алынды. 
http://www.baq.kz/kk/news/35407