АЛТЫНОРДА
Новости

Бала асырап алғысы келетін шетелдіктер азайған

Жетімдер үйінің түлектері, ерлі-зайыпты Ұлжан Шыныбекова мен Сергей Даншенов ұлдары Даниелді ойнатып отыр. Шымкент, 2 ақпан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)Бас прокуратура шетелдіктердің Қазақстаннан бала асырап алу тәртібін қатайтуға шақырды. ҮЕҰ өкілдері «бала асырап алғысы келетін шетелдіктер онсыз да аз, ал қазақстандықтар құлықсыз» дейді.

Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

«Мейірім» ерікті қоғамы» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саинның Азаттық тілшісіне айтуынша, Қазақстанда бала асырап алуға қатысты жағдай соңғы екі жылда нашарлап кеткен. Мұның себебі, енді заң бойынша, шетелдік азаматтар баланы арнайы сертификаты бар агенттіктер арқылы ғана асырап алады.

АСЫРАУШЫ АЗАЙЫП, САУДАЛАУШЫ КӨБЕЙГЕН

Бала асырап алу процедурасы қиындатылып, әуелі агенттіктер бірнеше ай бойы құжат дайындайды, ал бала асырап алушы ата-аналар құжат дайын болған соң ғана келеді. Аружан Саин «бала асырап алу процедурасының жариялылығы мемлекет тарапынан жеткілікті түрде қадағаланбайды, қамқоршылық органдарын жемқорлық жайлаған» дейді.

«Қамқоршылық органдарының балаларды саудалау әрекеттері кездеседі. Осы кезге дейін 165 қазақстандық баланы белгіленген тәртіпті бұзып асырап алған.

Қостанайдағы жетім балалар үйі. (Көрнекі сурет)Қостанайдағы жетім балалар үйі. (Көрнекі сурет)

Қамқоршылық органы мамандарының жалған диагноздар жазады, бұл тексеру кезінде анықталды» дейді Аружан Саин.

Қазақстандық балаларды асырап алу азайып, ал саудалау фактілері жиілеп кеткенін елдің бас прокуратурасы да хабарлады. Өткен аптада Астана қаласында өткен алқа отырысында бас прокурор Асхат Дауылбаев «Соңғы екі жыл ішінде асырап алған бала саны 3 500-ден 2 900 балаға дейін, яғни 17 пайызға кеміген. Ресми дерекке қарағанда, кәмелетке толмағандарды сату фактілері жиілеген» деп мәлімдеді. Прокуратура қызметкерлеріның айтуынша, «баланы заңды жолмен асырап алудың қиындығы мен бюрократизм» көп азаматтарды баланы «сатып алуға» итермелейді.

ҚЫЛМЫСТЫҚ БИЗНЕС

«Жетім балаларсыз Қазақстан» жобасының үйлестірушісі Алексей Ем бала асырап алу процедурасын бюрократизм мен жемқорлық жайлаған деген пікірмен келіседі. Ол жетім балаларды саудалау бағасының мөлшерін де айтты.

«Қамқоршылық органы қызметкерлері баланы асырап алуға кедергі жасайды

Балалар үйіндегі сәбилерге сыйлық апарған жастар. (Абылайхан Жұмашев есімді оқырман жолдаған сурет!Балалар үйіндегі сәбилерге сыйлық апарған жастар. (Абылайхан Жұмашев есімді оқырман жолдаған сурет!

да, кейін балаларды сатады. Бір баланы шамамен 3 мың долларға сатады. Мемлекет пен қоғам тарапынан бақылауды күшейту керек. Құқық қорғау органдары Қазақстандағы қамқоршылық органдарының жұмысын тексеруі тиіс. Шет елдердің қамқоршылық органдарымен байланыс орнатып, үнемі сауал жолдау қажет. Бала асырап алған жақ есеп беріп отыруы тиіс. Біз халықаралық бала асырап алуды насихаттамаймыз, бірақ шетелдік азаматтарды бала асырап алуына қарсы да емеспіз» дейді Алексей Ем.

Оның айтуынша, бала асырап алатын шетелдіктер азайған, ал жергілікті азаматтардың бала асырап алу көрсеткіші бұрынғы деңгейінде қалған. Алексей Ем «биыл Қазақстан азаматтары біздің жоба арқылы 50 бала асырап алды» дейді. Бірақ оның айтуынша, шетелдік азаматтарға қарағанда, қазақстандықтар науқас баланы алудан қашқақтайды.

Алматы қаласы, оның ішінде Бостандық ауданы қамқоршылық және қорғаншылық органдары прокуратураның «өкілетті органдар талапқа сай жұмыс істемейді» деген сынына қатысты Азаттық тілшісіне комментарий беруден бас тартты.

БІРЫҢҒАЙ ДЕРЕК БАЗАСЫ ҚАЖЕТ ПЕ?

«Жанұя» мамандандырылған кешені директоры Талғат Шалғынбаев «бала асырап алу көбейсе, елдегі жетім бала да азаяды» деп есептейді.

«Бірақ баланы асырап алған ата-аналарды мұқият тексеру керек. Бала жаңа отбасына бейімделіп кете ме, жоқ па байқау үшін ондай ата-аналарға сынақ

Жетімдер үйінің түлектері, ерлі-зайыпты Ұлжан Шыныбекова мен Сергей Даншенов ұлдары Даниелді ойнатып отыр. Шымкент, 2 ақпан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)Жетімдер үйінің түлектері, ерлі-зайыпты Ұлжан Шыныбекова мен Сергей Даншенов ұлдары Даниелді ойнатып отыр. Шымкент, 2 ақпан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

мерзімін белгілеу қажет. Бала асырап алғысы келетін жандардың психикасында ауытқу бар ма, бұрын істі болып, сотталған ба — соны тексеру керек. Мемлекет қолында баланың болашақ ата-анасы туралы толық ақпарат болуы тиіс. Бірақ Қазақстанда адамдар жетім балалар туралы ақпараттан хабарсыз» дейді Талғат Шалғынбаев Азаттық тілшісіне.

Оның пікірінше, асырап алынған баланың кейінгі тағдырын бақылап тұруға жағдай жасау керек.

Бас прокуратурада өткен мәжіліске қатысушылар асырап алуға болатын балалар туралы деректердің бірыңғай базасын жасап, оны жүргізу тәртібін реттейтін заң нормаларын құрастыру үшін жұмыс тобын құруды ұсынды. Прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, бала асырап алғысы келетін жандар электронды үкімет порталындағы деректермен онлайн режимінде ашық таныса алар еді. Бірақ бұл әзірше ұсыныс ретінде ғана айтылды.

Қазақстанда жыл сайын 35 мың жетім баланы асырап алады. Оның небәрі 3 мың 500-ін Қазақстан азаматтары асырап алады екен. Отбасы түріндегі үйлерде 2 мың бала, балалар үйінде – 10 мың бала тұрады. 22 мың бала қамқорлыққа алынған.

http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_adoption_problems/25277482.html