АЛТЫНОРДА
Новости

Астанада Жамбыл облысының мәдени күндері басталды

Астана. 21 сәуір. Baq.kz – Бүгін Астанада Жамбыл облысының мәдени күндері басталды. Мәдени шара аясында Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ драма театрында 21 сәуір күні Шерхан Мұртазаның «Домалақ ана» спектаклі қойылады деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, М.Горький атындағы академиялық орыс театрында Жамбыл облыстық орыс драма театры әртістерінің қатысуымен «Кентавры Турана» символикалық драмасы қойылады.
Ал, 22 сәуір күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Тараз — ғасырлар куәсі» деген айдармен музей жәдігерлерінің театрланған көрмесі өткізілмек.
Жамбыл облысының мәдени күндерінің жабылу рәсіміне арналған гала концерт ертең Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

http://baq.kz/kk/news/46118