АЛТЫНОРДА
Новости

Астанада Қазақстан-Беларусь IT-форумы өтуде

Астана. 4 наурыз. Baq.kz Астанада өткен жылы қараша айында ұйымдастырылған Қазақстан-Беларусь бизнес-форумының жалғасы болып табылатын Қазақстан-Беларусь IT-форумы өтуде, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

 

Форумға екі елдің мемлекеттік органдары, бизнес-құрылымдар мен үкіметтік емес секторының өкілдері жиналды.
Форум аясында өзекті IT-бағыттар, оның ішінде электрондық үкімет, электрондық сауда, бизнес және мемлекеттік құрылымдар үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, сондай-ақ жоғары технологиялық жабдық өндірісі бойынша тәжірие алмасу көзделген.

Форумның жұмысына Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов және Беларусь Республикасының Байланыс және коммуникация министрінің орынбасары Николай Струков төрағалық етуде.
Айымгүл Әбілева

http://baq.kz/news/24184