АЛТЫНОРДА
Новости Караганды

«АрселорМиттал Теміртау» кірісін жасырмақ болған

040409134Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на қатысты сот барысында Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлады. Ақпарат Мемлекеттік кіріс басқармасының мәлметтері бойынша берілген.

«АрселорМиттал Теміртау» «Оқжетпес» ЖШС-не 1300 тоннадай бензин және жанармай сатпақ болған. Сол үшін ЖШС-нен 141 миллион теңге алған. Бұған екіжақты саудаласу барысында алынған шектер дәлел бола алады. Алайда мұнай өнімдерін сатқандығы туралы ешқандай дерек тіркелмеген. Бұл бірінші рет емес. 2015 жылдың өзінде аталмыш компания мұндай қылмысқа екінші рет барып отыр.

Сот барысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кінәлі деп табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорынға енді 2400 айлық есептік көрсеткіш бойынша, яғни 4 756 800 теңге көлемінде айыппұл салынатын болады.

Сонымен қатар, компанияның мұнай өнімдерін сатудан түскен барлық табысы тәркіленеді. Яғни «Оқжетпес» ЖШС-нен алынған 141 миллион теңге мемлекет қоржынына түседі.

 Алайда сот қаулысы әлі күшіне енген жоқ.

«Шын ақпарат»