АЛТЫНОРДА
Новости

Америкаға алғашқы адамдар Алтайдан қоныс аударған

434_497b14aa84dfb35a0efdda980e2c2a2cАстана. 12 қыркүйек. Baq.kz – Ғалымдардың болжамынша, солтүстік және оңтүстік Америка құрлықтарында тұратын халықтар Алтай өңірінен қоныс аударғандардың ұрпақтары екен. Генетик мамандар жергілікті халыққа зерттеулер жүргізе келе, осындай қорытынды шығарып отыр.

«Жеті атасын білген ер – жеті жұрттың қамын жер», «Жеті атасын білмеген – жетесіз», «Тегін білмеген – тексіз» деген мақал-мәтелдер қазақ арасында жиі айтылады. Мұның астарында – түптеп келгенде қыз алысып, қыз беріскенде қан тазалығын сақтаудан туған үлкен тектілік жатыр. Тегіңді білудің басты артықшылығы осында деп білеміз.

Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі таңда қазақтың этногенезін зерттеу саласы мықтап қолға алынып келеді деп айтуға болады. Бүгін Мемлекет тарихы институтында өткен семинар-тренингте генетика саласын зерттеп жүрген жас генетик ғалым Айқын Асқапұлы қазақтың шыққан тегін анықтау жолында үлкен жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Жас ғалымдардың айтуынша, ұзақ жылдар бұрын жерленген мәйітті қай рудан шыққанын немесе жасы қаншада екенін де анықтауға болады. Бір айта кетер жағдай, адамның жерленген жері де зерттеу жүргізгенде үлкен рөл ойнайды екен. Суық және сулы жерге жерленген мәйітте ДНК ұзақ жылдар бойы және жақсы қалыпта сақталады, ал ыстық әрі құрғақ өлкелерде керісінше.

Сонымен қатар, ғалымдардың айтуынша қазіргі уақытта 400-ге жуық жас өз қаражаты есебінен қан тапсырып, өз тектерін білуге ниет білдірген. Бұл да біздің зерттеуімізге едәуір жеңілдіктер беріп отыр, дейді мамандар.

 

Ғабит ҚАРАБАЙ