АЛТЫНОРДА
Новости

Алматыда тағы жер сілкінді

Астана. 1 ақпан. BAQ.KZ – Алматы облысында тағы да жер сілкінді. Дүмпу Алматы қаласының оңтүстік-шығысынан 360 шақырым жерде орын алған. Бұл жайында Tengrinews.kz хабарлайды.

 

Жерасты дүмпулері Қытай аумағында Астана уақытымен бүгін таңғы 04.49-да байқалған, эпицентрі – 10 шақырым тереңдікте. Қирандылар мен жапа шеккендер жайында ешқандай ақпарат келіп түспеді.
Естеріңізге салайық, 28 қаңтар күні түнгі сағат 22.38-де Алматы облысында магнитудасы 6,6 балл болатын жер сілкінісі орын алған болатын. Қаланың өзінде дүмпу 4-5 балл шамасында байқалған. Бұдан кейін облыс аумағында тағы 7 әлсіз жерасты дүмпуі орын алды. Алматы облыстық ТЖД мамандары хабарлағандай, ешкім жапа шекпеген, қираған ғимараттар да жоқ.

 

http://baq.kz/news/22682