АЛТЫНОРДА
Новости

Алматыда музыкалық аспаптар мұражайы ашылды

спАстана, 3 маусым. Baq.kz-Экспозицияға мыңнан астам халық аспабы қойылған, оның ішінде қобыз, даңғыра сынды аспаптар бар.

Қазақстанның оңтүстік астанасында халық аспаптары мұражайы ашылды. Мамандардың айтуынша, аспаптар табиғаттың, адам көңіл-күйінің дыбыстарын дәлме-дәл жеткізеді. Мұражайға алғаш мүмкіндігі шектеулі балалар келіп, бірегей мұражайды тамашалап шықты.
Бұл балалар үйлерінен өте сирек шығады. Олар қоршаған ортада болып жатқан құбылыстардан бейхабар, ал бұл мұражай жарымжандардың көңілдерін көтеру үшін бірден-бір орынға айналды.
Мұражайға көптеген ерекше аспаптар қойылған. Мысалы, қобызды қазақстандық бақсылар әртүрлі рәсімдерге пайдаланған, ал даңғыра барлық соқпалы аспаптардың прототипіне айналған.
«Қазақ халқында 30-дан астам музыкалық аспап бар. Олардың арасында халықтың сұранысына ие және үні айында-жылында бір шығатын аспаптар кездеседі», — дейді «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің музыканты Серік Нұрмолдаев.
Мұражайға келушілер аспаптарды тамашалап қана қоймай, оларда ойнауына да рұқсат етіледі. Бұған қоса, мұражай қызметкерлері 105-ші мерейтойға арнап қызықты интерактивті бағдарлама дайындаған.

http://www.baq.kz/kk/news/29580