АЛТЫНОРДА
Новости

8 наурыз. Мәзір: Ақсерке балығы

8 наурызға өз аруыңызға романтикалық кешкі ас жасауға бел бусаңыз, ыстық тағамды таңдау сұрағы туындайды. Біз сіздерге ақсерке балығын пісіруді ұсынамыз.  Бұл мәзірде ешбір құрамдас бөліктерді турау, көп назар аудару қажет емес. Жарты сағатта дайындалатын тамақ ерекше болып, сүйіктіңіздің көңілінен шығатындығына сенеміз!

Құрамы:

  • ақсерке балығы — 1 кесек;
  • лимон;
  • түз, бұрыш, дәмдеуіштер;
  • қаңылтыр қағаз.
Балыққа тұз, бұрыш, ұнайтын дәмдеуіштер қосыңыз.
Оған лимонның шырынын сығып құйыңыз. Бірнеше тілім лимонды балықтың астына, үстіне қойыңыз.
Балықты қаңылтыр қағңазға орап, пісіру пешіне 200 градусқа 25-30 минутқа қойыңыз.
Уақыт өткеннен кейін балықты шығарып, сәл суығанын күтіңіз.
Ақсерке балығы дайын! Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова

 

http://massaget.kz