АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Қазақ-қырғыз қосылып, “Балбырауын” күйін ерекше орындады (видео)[:]

[:kz]

 

Қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының “Балбырауын” күйін ерекше орындаған қыздар көпті тәнті етті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Даңқты композитор, ұлы күйші Құрманғазының туындысын ғажап орындаған қыздардың бейнежазбасы Facebook әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда қазақ пен қырғыз қызы қос ұлттың ұлттық аспабында «Балбырауын» күйін төгілте орындап жатыр. Қомыз бен домбыраның үйлесімділігі тыңдаған адамның денесін тітіркендірмей қоймайды. Қос өнерпаз қыздың кім екені және бейнежазбаның қайда түсірілгені әзірге белгісіз.

Ал қос мемлекеттің желі қолданушылары домбырашыларға: «Жарайсыңдар!», «Қырғыз-қазақ бір туған, тату ел болайық», «Бали бали, кандай кана керемет», «Кыргыз — Казак бар болсун!!!», «Кыргыз-Казак керемет күү дует!», «Ғажап! Керемет әсер алдым» — деп түрлі пікір қалдырған.

 

[:]