АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қаршадай қызды зорлаған имамның қылмысын ата-анасы неге жасырған?[:]

[:kz]

 

 

 

«Ол имам болған, оған дәлелім бар. Күдікті тіпті қыздың анасын да зорлаған. Бұған дейін оның «жынды» екенін көрсеткен сары қағазы да болыпты, бірақ оның күші жойылған екен», – деген жазба жариялады.

«Естімеген елде көп» дегендей, ел ішінде небір жантүршігерлік оқиғалар көбейіп кетті. Ең сорақысы, құлаққа түрпідей тиетін жағымсыз жайттарды естіп, жиі көретін халықтың бұған еті үйреніп бара жатқан тәрізді, деп жазады Жас Алаш газеті.

Қарағанды қаласынан шалғайда орналасқан ауылдың бірінде бесіктен белі шықпаған қаршадай қыз баланы қырық жастағы ер адам зорлапты. Қорғансыз баланың көрген қорлығы мен жанды жегідей жеген ауыр азабын бүкіл бір ауыл жасырып ұстаған. Жасырып ұстады деп топшылаймыз, әрине, өйткені оқушы қыздың аяғы ауыр болып қалған соң, дәрігердің көмегімен жасанды түсік жасалған. Дүйім жұрт жағасын ұстап, қыз баланың анасын жазғырды. Ананың бұл оқиғаны жасырып қалуының сан түрлі себебі бар тәрізді, мүмкін, ол да қорғансыз болған соң, мына қатыгез қоғамнан жақсылық күтпеген шығар.

Блогер ашқан азғындық

Ауылдағы бала зорлығын естіген қарағандылық блогер-журналист Айсұлтан Жақып бірден полицияға хабарласып, жазықтыны жазаға тартуды талап етеді. «Маған облыстағы ауылдың бірінде кәмелетке толмаған қыз бала облыс тұрғынынан жүкті болды деген хабар түсті. Бұл хабарды ата-анасы жасырып отыр», – деп мәлімдеді Айсұлтан Жақып. Мектеп оқушысының әкесі жоқ, анасымен ғана тұрады. Анасы бұл жайсыз жағдай туралы құзырлы орындарға хабарламаған. Аталмыш хабарды алған бойда оқиғаны анықтау үшін полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Бұл іске қатысы бар делінген 40 жастағы облыс тұрғыны қамауға алынған.

Жедел-тергеу тобы қысқа уақыт ішінде аталған ауылдағы оқиғаға қатысы бар адамдардың барлығын анықтады. Алдын ала тергеу кезінде ақпарат расталды. Сот тарапынан күдіктіге «қамауға алу» бұлтартпау шарасы тағайындалды. Басқа ақпараттар Қазақстан Республикасы Процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, жариялауға жатпайды, – деген ақпарат таратты полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұғанасы қатпаған жасөспірімнің тағдырын ойран еткен адамның кім екені тергеу құпиясына сай, әзірге жарияланбайды. Ал полиция департаментінің бастығы бүтін бір ауыл жасырып ұстаған қылмысты жария етіп, азаматтық ұстанымын танытқан Айсұлтан Жақыпты алғыс хатпен марапаттады. Айсұлтан Жақып фейсбуктегі парақшасында: «Ол имам болған, оған дәлелім бар. Күдікті тіпті қыздың анасын да зорлаған. Бұған дейін оның «жынды» екенін көрсеткен сары қағазы да болыпты, бірақ оның күші жойылған екен», – деген жазба жариялады.

Сынақтан сүрінген…

Облыстың бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа дінге кір келтірген азғынның бұл ауылға мүфтият ресми бекіткен имам болмағанын алға тартуда. 2017 жылы діни басқарма мен облыстық мешіт өкілдері бірлесіп имамы жоқ ауылдарға дін өкілдерін жіберу мақсатында арнайы шараны жүзеге асырған. Сол кезде аудан әкімдері мешітке барып жүрген, мұсылмандыққа бет бұрған бар жастарды қалаға оқуға жіберу жөнінде ұсыныс жасапты. Аудан әкімдігінің ұсынысымен Қарағандыға оқуға келген имамдыққа үміткерлер мешіт имамдарынан дін негізін оқып шыққан. Елді шулатқан азғын осы шара аясында Қарқаралы ауданынан келіпті. Сол кезде діни сауатын ашқан ол да облыстың бас имамы тарапынан төрт айға берілген сынақ мерзімімен имамы жоқ ауылдың біріне барған. Бірінші жолы барған ауылдағы жұрт мұны қабылдамаған соң, ол екінші ауылға барып, сол жерде қалып қойған.

Өмірзақ қажы Бекқожа: «Ол имам болып барған жоқ, тек сынақ мерзіміне діни өкіл ретінде ғана жіберілген», – деп отыр.
Ұмытшақтық салдары

Мен облыстың бас имамы болсам да, оны имам етіп тағайындай алмаймын, оған тек төрт ай сынақ мерзімінен өтуге рұқсат бердік. Осы уақыт ішінде ол халықтың жақсы ықыласына бөленіп, дін негіздері мен талаптарын толық орындай алса ғана, әрі қарай имам болып қалуы үшін біз мүфтиятқа өтініш жолдаймыз. Талап осындай, алайда бұл адам өзін имам ретінде көрсете алмады, ауыл тұрғындарынан «Құранның өзін дұрыс оқи алмайды, өз-өзін дұрыс ұстап жүре алмайды» деген шағым көп түсті. Сол кезде біз оған «сен имам бола алмайсың» деп ауызша ескерткен болатынбыз. Содан кейін бұл адам сол беті ұмытылып кетті, облыста елді мекендер мен ауылдар аз емес. Сөйтіп, ұмытып кеттік. Бірақ бұл ауылда діннің негізін, шарттарын жақсы білетін сыйлы ақсақал бар. Жұрт діни жоралғыны сол кісіге жасатады. Естуім бойынша жаңағы күдікті «мен имаммын, қағазым бар» деп, шапан киіп алып, өзі сұранып жүрген көрінеді, – дейді аталмыш мәселе бойынша пікір білдірген облыстың бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа.
Осы орайда, облыстың бас имамы имам атын жамылғын азғынның ісіне неге дер кезінде тоқтау салмаған деген сұрақтың басы қылтияды. Иә, жасөспірімнің өмірін талқан еткен оқиғаға қатысты ел ішінде айтылып жатқан болжамдар аз емес. Солай болса да, енді бұл істің ақ-қарасын сот ажыратып, соңғы нүктесін қоятын болады

https://sn.kz/sn-akparat

[:]