АЛТЫНОРДА

[:kz]«Індет толығымен жойылып кеткен жоқ»: Тоқаев төтенше жағдай режиміне қатысты мәлімдеме жасады[:]

[:kz]

Тоқаев төтенше жағдай режимі аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

«Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ.

Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті.

Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында.

Президенттің сөйлеген сөзінің толық мәтіні akorda.kz сайтында жарияланады.

[:]