АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Гүлзира Айдарбекова өзін «ұрлық жасады» деп айыптаған оқырманын орнына қойды[:]

[:kz]

 

Гүлзира Айдарбекова өзіне «ұрлықшы» деп айып таққан оқырманына жауап берді. Танымал продюсер бала кезден еңбекқор болғанын, молшылықта, берекеде өмір сүргенін алға тартып, ондай қадамға өмірде бармағанын атап өтті. Ол өзін айыптаған адамнан дәлел сұрап, қажет болса сот арқылы шешейік деп ұсыныс тастады, деп хабарлайды Stan.kz.

Instagram-да Забира Мамедек есімді оқырман Айдарбековаға: 
«Саулеша дегеннің үйіне ұрлыққа түсіп пе едің? Сөзі нашар екен Гүлеке», — деп жазған.

Бұл сөздер Гүлзира Үсенқызының шамына тисе керек, продюсер оған жауап беруді жөн көрген. Ол Сәуле деген бір ғана танысы болғанын, алайда өмірінде ұрлық жасап көрмегенін баса айтты.

 

«Жаманатты қылғысы келіп, іштарлықтан жамандап өз-өзін жұбатып жүрген біреу болмаса. Тура солай болса, үлкен етіп ютубқа суретімді салып тұрып, астына жазсын айта барыңыз. Жалған не шындық екенін дәлелдеп сотпен шешейік”, – деді продюсер.

Айдарбекова бала кезінен еңбекке етене араласып, жақсы табыс тапқанын айтады. Сөзіне қарағанда, бұл қасиет әкесінен дарыған. 

“Бүкіл ағайын улап-шулап қазан асып, келіндер қамыр жайып, ерлер мал сойып дайындап, екі күннің бірі бала-шағаларымен үйден кешкі астарын жеп кететін. Біздің үйде күнде жиын болып жатқан сияқты өстік, әкем қолы ашық, жүрегі кең болатын, бәріне жағдай жасап жүретін.


Алматыға келгенімде де, 4 қыз болып квартирада тұратынбыз. Саудагерлер қымбат киімдерін алып келіп, мені жұмыстан келгенімде күтіп отыратын, табысым жақсы болды. Қарны ашқан қаншама таныс студенттер, сендерге келсек тойып кетеміз деп, квартирамызға көп келетін.

Тек үйленген кезде Нүрекең екеуіміз де студент болғандықтан 1-2 жыл ғана степендиямызды үнемдеп жараттық. Қайрат дүниеге келгенде несібесімен келді ме, қайта береке кірді, саудамен үй мен көлікті де сауда жасап жылдам алдық, тек бренд кидік, жақсы ішіп жедік, таныстарымызға көмектестік. Бүкіл ағайындардың ұл-қыздарын қолымызға алып, жағдайларын жасадық.

Нүрекең отбасында 9- шы екенжесі, мен 7- шімін. Өзімізден кіші туғандарымыз болмаса да туыстардың бала-шағаларына қамқор бола білдік. Ақшамыз жеткілікті болды. Ұрлық жасап көрмедік, тек еңбек еттік. Өзіміздің саудамызды үйретіп, қаншама жастар, достарымыз үйлі болды. Жатақханада тұрып та, қолымызда 5-6 студент асырап отырдық, бәрі жағдайларын жасап алды. Тіптен достарымыз әйелдерімен жылдап тұрып, бізбен бірге табыс тауып, үйлі болып жатты.

Жатақханада біз екі бөлмеде тұрдық. Көмектесіп рахат таппасақ, ұрлық жасап жексұрын болып көргеніміз жоқ. Саулешаңыздың айтқаны рас болса нөмірін жіберіңіз, не болмаса жанында отырып видеозвонокпен звондатып, өзіңіз видеоға түсіріп ютубқа салыңыз.Сол кезде шындық ашылады. 21- ші ғасыр ғой, дәлелдеу түк қиын емес», — деп жауап берді ашынған Қайрат Нұртастың анасы.

[:]