АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ерке Есмахан желіде өзіне сыйға тартылған су жаңа көлігімен мақтанды[:]

[:kz]

Ерке Есмахан Instagram парақшасына су жаңа автокөлігінің суретін салып, оқырмандарымен қуанышын бөлісті. Желі қолданушылары өнер иесіне сұндай қымбат сыйлықты кім сыйға тартуы мүмкін деген сұраққа бас қатырды деп хабаралайды KAZ.NUR.KZ.

Танымал әнші Ерке Есмахан Instagram парақшасында төрт айдан бері көліксіз жүріп, енді «осындай сыйлық» алғанын айтты.

«Бұйырған кетпейді, жүгірген жетпейді! 4-месяца без машины и вот бұйырды, шүкір!Осындай сыйлық алдым, достар! Ураааа! Көрімдік!», — деп жазды жұлдыз.

Желідегілер әншінің қуанышына ортақтасып, сурет астына жылы лебіздерін жазып жатты. Сонымен қатар, оларды бағалы сыйлықты кім сыйлауы мүмкін деген сұрақ мазалады.

«Құтты болсын Еркеша! Бізге де бұйырсын», «Құттықтаймын, әдемі екен», «Қуанышыңа ортақпын, қазақтың еркесі», «Мен де осындай сыйлық алғым келеді», «Сыйлық па, жоқ сатып алдың ба?», «Кім сыйлап жүр?», — деп жазды олар.

KAZ.NUR.KZ.

[:]