АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Еліміздің бір қаласында Құрбан айттың бірінші күні қой бағасы 120 мың теңгеге дейін көтерілді [:]

[:kz]

 

Атырау қаласында Құрбан айттың бірінші күні қой бағасы 120 мың теңгеге дейін қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атыраулықтар мал алу үшін көп баратын базардың бірі «Тума».

Қаланың орталығында орналасқан бұл сауда орнындағы баға өзгелерінен қымбаттау, дейді тұрғындар. Мұнда қозыны 40 мың теңгеге сатып алуға болады.

Ірі қой 100 мың теңге бағаланып тұр. Ал семіз ісек үшін 120 мың теңге сұрайды. Бұл базарда әр қойды сою бағасы – төрт мың теңге. «Жыл сайын Құрбан айт жақындағанда мал бағасы шарықтап шыға келеді. Сауап жинайтын күндері мұны реттейтін тетік жоқ па? Бір ісекті 120 мың теңгеге сатып алу мүмкін емес», -дейді қала тұрғыны Нұрлан Тәжіғалиұлы.

Атырау облысының өңірлеріндегі бағаға тоқталар болсақ, тұсақ үшін 60-65 мың теңге сұрайды. Ерте туған қозылардың ең төменгі бағасы – 35 мың теңге. Мұнда бір қойды үш мың теңгеге сойып береді. Ірі қараның бағасы 370 мың теңгеден басталады. Ал ұрғашы сиырдың ең арзаны – 400 мың теңге. «Өзім баққан өгізді сатуға әкелдім. Шамамен 350 келі тартатынына сенімдімін. Салмағына, қоңына байланысты 700 мың теңгеге сатамын. Бұдан төмен бағаға бере алмаймын», -дейді Индер ауданынан келген ер адам. 

 

[:]