АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Екпе салдыру үшін жамбасын көрсетуге де ұялатын»: Аяжанды өлтірді деген күдікті туралы көршілері айтып берді[:]

[:kz]

 

Аяжан Еділованы өлтірді деп күдікке ілінген Рахманберді Төребеков Түркістан облысының Жаушықұм ауылында тұрған. Жалшықұмдағы көршілері Рахманбердінің кішкентайынан ұяң болып өскенін айтады.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды деп жазады stan.kz ақпараттық порталы 

 

Ал жағдайды алғаш рет естіген кезде таңғалған ұстаздары оқушы үздік оқыған дейді. 

Аяжанды өлтірді деп күдіктелген азаматтың қамалғанын естігенде көршілері қатты таңғалды. Туыстай болып кеттік деген көршісі Бөрібек Биқожаев Рахманбердінің ұяң болып өскенін айтады.

«Ауыра қалса анасы дәрі салдыруға мейірбике көршісіне әкелетін еді. Сол кезде ине салдыру үшін жамбасын көрсетуге ұялатын еді. Келіншек аласың ба десе, ұялып сөз айта алмайтын. Екі-үш бала ғана үйіне келетін. Бұзықтық жасамаған», — дейді  көршісі.

Күдіктінің анасы облысқа белгілі химик болғанын айтады мектептегілер. 

«Артық ойнап күлмеген бала. Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы. Мүмкін үйінде еркелеткен шығар ол баланы», — деді мектеп директоры Роза Жүнісқұлова.

Күдіктінің отбасы екі жыл бұрын Түркістанға көшкен. Көршілері біраз уақыт бос тұрған баспанасының жуырда сатылғанын айтады.

Еске салсақ, осыған дейін 19 наурызда Алматыда 19 жастағы қыз түнде жұмыстан шығып үйіне оралмағаны туралы жазғанбыз.

Кейін жоғалып кеткен Алматы тұрғыны Аяжан Еділова өлі күйінде табылды.  Алматы полициясы күдіктіні — Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған азаматты ұстады. 

Полиция пәтерге шабуыл жасаған кезде ол өзін өлтіруге тырысты.

Сосын Алматыда өлтірілген Аяжанның туыстары сұхбат берді. Сұхбат кезінде қыздың туыс ағасы оның басын қайнатып, тісін, тырнағын бөлек жұлып алғанын айтты. 

[:]