АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Екі сиырмен қалай күн көріп жүргенін айтқан ер адам жұртты күлкіге қарық қылды (видео)[:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде екі сиырмен қалай тамаша күн көріп жүргенін айтқан ер адам жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видеода ер адам «Елбасының заңымен екі сиыр алып бағып жүрмін. Екеуін де туғызып, екі сиыр сауып жүрмін. Бір сиырдың сүтімен бала-шағамды бағып жүрмін. Ал біреуінің сүтімен кредитімді жауып жүрмін», — деп айтыстың мақамына салады. 

Сондай-ақ, ол өзін асырап отырған екі сиырын көрсетуді де ұмытпады. 

«Енді екі сиырға салық төлейсің. Салық қағазын күт енді», «Сен ақымақсың немесе ақымақ болып көрінуге тырысып тұрсың» деген сөз бар ғой. Сіз сол екеуінің біреуі сиықтысыз», «Қуаныштан бал-бұл жайнап тұрғанына қарап, Назарбаев схемасы жұмыс істейді екен деген ой келеді», «Әй, жарайсың!», «Молодец» деп жазды желі қолданушылары. 

Басым бөлігі пікірін әртүрлі смайлдармен жеткізуді жөн көрді. 

 

[:]