АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Эфирде дауласқан Жанар Хамитова мен Әбубәкір Ужазов клип түсіретін болды[:]

[:kz]

 

Осыдан біраз уақыт бұрын «Астарлы ақиқат» бағдарламасында дауласқан Жанар Хамитова мен Әбубәкір Ужазов бірге клип түсіретін болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Бұл жайында Хамитованың қазіргі қолдаушысы Сиви МахмудиInstagram парақшасында баяндады.

«Жуырда бейнебаянымыз шығады. Көп күттіңіздер ме?», — деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары Хамитова мен Ужазовтың арасындағы даудан соң, клиптен күдерін үзгендерін жеткізді.

«Татуласқандары дұрыс болыпты», «Екеуін бірге көріп, қуанып отырмын», «Дұрыс шешім», «Жақсы бейнебаян болады деп ойлаймын. Себебі әдемі ән, әдемі дуэт», «Оразада кешірімді болған жөн».

«Сахнаға келіп-кеткені жыр болды ғой», «Әбубәкір өте жақсы жігіт. Оны олай ренжітуге болмайды», «Керемет туындының орта жолда қалмағанына қуаныштымын», «Осы жігіттің дауысы жақсы ғой. Бағы жансыншы. Мен қатты уайымдадым» деп жазды желі қолданушылары.

Еске сала кетсек, Жанар Хамитова осыған дейін 11 жылдан кейін өзімен дуэт орындаған жас әнші Әбубәкір Ужазовпен эфирде сөзге келіп қалған болатын.

Сондай-ақ сахнаға қайта шыққан әнші бұрынғы әріптесі Нұржан Керменбаевтың абыройын төгіп, қарызын қайтармағанын да мәлім етті.

Осы оқиғадан кейін көп ұзамай Жанар Хамитова көпшілікке видео-үндеу жолдады.

  

[:]