АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Діннің атын жамылған екіжүзді уаһабтар талай қыздың өмірін құртып жатыр![:]

[:kz]

 

«Діннің атын жамылған екіжүзді нәпсіқұмарлар жас қыздардың өмірлерін құртып жатыр». Бұл пікірді қоғам белсендісі Құрал Сейітханұлы өзінің фейсбук парақшасында қалдырды, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы. 

«Тіпті қалай бастарымды білмей отырмын. Исламды жамылып қыздарды орандырып, намаз оқытып, некелікке алып, кейін талақ беріп тастап кету көбейген. Бірнеше қыз жылап көмек сұрады менен. Заңмен қандай да бір шара қолдана ала ма? Бір қыз өмірімді құртқан намаз бен орамал деп жайнамазын өртеп, орамалын жыртқан. Өмірден түңілген». Вацапқа жекеме осылай деп жазып көмек сұрап отыр. Сұмдық қой мынау енді. Қайда бара жатырмыз? Діннің атын жамылған екіжүзді нәпсіқұмарлар жас қыздардың өмірлерін құртып жатыр. Қазір біздің елде дін ұстанатын жамағаттың 90% астамы қазақтың дәстүр танымына мүлдем жат діннің жетегінде кеткендер. Әйтпесе біз де көнекөз қариялардың діни тәрбиесінде өстік. Бірақ мынадай екіжүзді дін көрген емеспіз. Осы мәселені ең алғаш көтерген Исматулла Мақсұм мен Саят Ыбырай ағаларымыз 10-10 жылдан түрмеге қамалып шықты ғой. Біз сол кезде түсінбеппіз де ғой бұл азаматтардың қандай сайтандармен алысып жатқанын. Қазір енді Қ.Тоқаев бастаған билік бұл азаматтарды ақтап, мынау екіжүзді уаһабтарды тоқтатуы керек. Әйтпесе бұл нәпсіқұмар діншілдер талай қыздардың өмірлерін құртады», — деп жазды ол.

«Адырна» ұлттық порталы

[:]