АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Димаш Құдайберген іздеу салған ару кім?[:]

[:kz]

Димаш Құдайберген Instagram-парақшасына өзіне пародия жасаған арудың видеосын жүктеп, оның талантына тамсанатынын жеткізді деп хабарлайды Stan.kz

Қазақстандық әншіге пародия жасаған Халиун Баатарджав (Khaliun Baatarjav) моңғол қызы. Ол Your Face Sounds Familiar конкурсының моңғол тіліндегі нұсқасында Димаш секілді киініп алып, әншінің SOS әнін орындаған. 

 

«Өте қызықты пародия шығыпты. Мына қыз өзінен гөрі маған қатты ұқсайды екен. Өте талантты», – деп жазды Димаш Құдайберген ағылшын тілінде өз желі парақшасына. 

Ұлан-Батор қаласының тумасы Халиун Баатарджав үш баланың анасы. Әлеуметтік желідегі суреттеріне қарағанда кәсіби вокалмен айналысатынға ұқсайды. Ол неше түрлі конкурстарға қатысады және жарнамаға түседі екен. 

[:]