АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Дәретханаға тастаған»: Оралда ғашығын қызғанған жігіт адам сенгісіз қылмысқа барды[:]

[:kz]

Орал қаласының тұрғыны cүйіктісін қызғанып, ер азаматты айуандықпен өлтірген. Қылмыскер онысымен қоймай марқұмның денесін көшедегі дәретхананың құдығына тастап кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Мой Город басылымына сілтеме жасап. 

Қайғылы жағдай 2019 жылдың 2 қарашасында орын алған. Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, күдікті Әжібаев көше бойында ғашығын өзге жігітпен көріп қалған. Содан қызғаныштан ер азаматты соққының астына алған көрінеді.

Жәбірленуші қашуға әрекеттенген уақытта оны қуып жетіп, бірнеше мәрте пышақтаған. Салдарынан ер азамат оқиға орнында қайтыс болыпты. «Әжібаев жәбірленушінің көз жұмғанын біле тұра, оның 100 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап алған.

Бұдан кейін ол марқұм Жолаевты жол бойындағы дәретхананың құдығына апарып тастаған», — деді судья Шара Зайнуллина соңғы сот процесінде. Күдікті Әжібаев өзіне тағылған айыптарды мойындамады. Дегенмен, тергеу барысында оның кінәсі толық дәлелденгендіктен, судья айыпталушыны 14 жылға темір торға тоғыту туралы үкім шығарды. Сот шешім заңды күшінен енген жоқ. Еске сала кетсек, Орал қаласында басы мен екі қолы жоқ әйелдің денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз. 

 

https://kaz.nur.kz/1861706-drethanaga-tastagan-oralda-gasygyn-kyzgangan-zigit-adam-sengisiz-kylmyska-bardy.html

[:]