АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Бұл — оның өз ойы»: Иманбек Роза Рымбаеваның сөздеріне жауап берді[:]

[:kz]

 

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов әнші Роза Рымбаеваның оның шығармашылығы жайлы айтқандарына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Instagram желісінде тікелей эфирде айтты. Иманбекке жүргізуші «Роза Рымбаеваның сен туралы ойына қатыс не айта аласың?» деген сұрақ қояды. 

 

«Біріншіден, ол кісіге ересек адам ретінде қараймын. Олар біздің алдымыздағы ұрпақ қой. Тіпті не айтарымды білмеймін. Мен оның айтқан сөздерін сынағым келмейді. Мен онымен пікірталасқа түскім келмейді, бұл оның өз ойы. Мен Роза Рымбаеваның айтқандарын естідім, өзіме ой түйдім», – деді Иманбек. 

Еске салсақ, бұған дейін халық әртісі Роза Рымбаева Иманбектің «Grammy» байқауындағы жеңісін қарапайым сәттілік деп атаған еді. 

[:]