АЛТЫНОРДА
Жаһан жаңалықтары

[:kz]Боксшы Василий Ломаченко туған қаласын қорғау үшін қолына қару алды[:]

[:kz]

 

Бокстан екі дүркін Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Василий Ломаченко Одесса облысындағы туған қаласын қорғауға келді деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы қала мэрі Виталий Граждан Facebook парақшасында жазды. Боксшы Одесса облысындағы Белгород-Днестровский қаласында туған.

«Белгород-Днестровский қаласында аймақтық қорғау батальоны құрылып, қаруландырылды. Біздің жауынгерлер туған қаласындағы тәртіпті сақтауға көмектесіп, диверсанттар мен тонаушыларды кіргізбейді. Олардың қатарында Василий Ломаченко да бар», – деп жазды қала мэрі Виталий Граждан.

Айта кетелік, Василий Ломаченко 2008 жылғы Бейжің, 2012 жылғы Лондон Олимпиадаларында топ жарған. фото: championat.com Ол кәсіби бокстан үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы саналады. Ресей Украинаға қарсы күш қолданған сәтте Ломаченко әлеуметтік желіге дұға жариялап, әлемде бейбітшілік болуын құдайдан тілеген болатын.

[:]