АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бекболат Тілеухан Жүрсін Ерманға «бетін көрсеткені үшін» 60 мың доллар берген[:]

[:kz]

 

«Ақорда өзін қолдайтынын білді де айтыс ақындарын құрамыз деп, мені 5-6 облысқа алып барды», — дейді ақын.

Танымал ақын Жүрсін Ерман бір айтысты жүргізгеніне қанша гонорар алатынын айтты, деп хабарлады paryz.kz, оның Нартай Аралбайға берген сұхбатына сілтеме жасап.

Журналистің «Бір айтысты жүргізгеніңіз үшін қанша теңге аласыз?» — деген сұрағына:

«Ақорда деген қозғалыс құрылды бір кезде. Қайрат Сатыбалды құрып, Бекболат Тілеухан соның қасында жүретін еді. Ақорда өзін қолдайтынын білді де айтыс ақындарын құрамыз деп, мені 5-6 облысқа алып барды. Бекболат Тілеухан інім «бетіңізді көрсеткеннің өзі — 10 мың доллар, 6 облысқа барғанда алтаудан 60 мың доллар аласың» деп бағамды солай көтеріп беріп еді. Қазір менде ол ақша жоқ, түсіп қалды», — деді Жүрсін Ерман.

[:]