АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Аяжан Еділова пәктігін сататын қыз емес»: Ұстаздары мен құрбысы марқұм туралы айтты[:]

[:kz]

 

Кісі қолынан қаза тапқан Аяжан Еділованың денесін жақындары әлі жер қойнына тапсыра алмай отыр. Мұны марқұмның туыстары айтты. Сонымен қатар, олар қоғамда тараған қауесеттер күдіктінің жазасын жеңілдету мақсатында жасалып жатыр деп топшылайды, деп  хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Аяжан пәктігін саудалаған деген ақпаратты колледж ұстаздары жоққа шығарды. Олар бойжеткеннің оқуда озат, әрі тәрбиелі болғанын айтады. Сондықтан «Аяжан күдіктінің үйіне 500 мың теңге үшін барған» дегенге сенбейді.  

 

«Мен бұл пікірмен мүлде келіспеймін. Өйткені ол қызды мен басқа қырынан білемін. Қазақи тәрбиелі, қарапайым қыз болған. Өзінің сөйлесіп жүрген жолдасы болды. Осы соңғы курсы, 4 жыл бойы осы колледжде оқып шықты, бірінші курстан бастап, грантта оқыды. Үлгілі, үздік оқушылардың бірі еді», — деді ұстазы Томирис Кустова.

Аяжан дизайн және технология мамандығына түскен. Кейін киім дизайнымен әуестеніпті. Жасаған жұмыстарын әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеп отырған. Колледж директоры, бойжеткеннің қосымша сән салонында да жұмыс істегенін айтты.

«Еділова Аяжанның өзінің коллекциялары болатын. Ол өзінің жұмысын өте ерте бастады. Басқа студенттер үлгі алатындай жан-жақты қыз болатын. Бос уақыты болмайтын, бізге үнемі көмектесетін. Артық жүрісін ешқашан байқамағанмын», — деді «Сымбат» дизайн және технология академиясы колледжінің директоры Гүлнәр Оразымбетова.

Түрік тілінің ұстазы Әйгерім Үсенова, Аяжанның арманы асқақ еді деп еске алды. Ол тіл үйретіп, шетелге барып жұмыс істеуді жоспарлапты. 

«Жексенбі күні 14-і күні ол менен дәріс алды. Сосын 17-сінде келді. Сол кезде «аптасына үш рет келсем, болады ма деп сұрады. «Мен жазға дейін түрік тілін үйренсем қалай болады» деген еді. Аяжан жеңіл жүрісті қыз деп айта алмаймын. Өте аңқау қыз, алдап шақырған», — деді Әйгерім Үсенова.

Жатақханада бірге тұрған құрбысы Баян да соңғы күндері орын алып жатқан жайттардан ес жия алмай жүр. Ол қылмысқа барды деген күдіктіге қатысты бұрын-соңды тіпті естімеген.

«Ол маған бәрін айтатын. Арамызда қаншама әңгіме болды. Ол ешқашан ондайға баратын қыз емес. Жұмыс бабымен алдап шақырған шығар. Өйткені ол жұмысқа қатты кірісіп кеткен», — деді құрбысы Баян Балтабай.

Арнаға сұхбат беруден бас тартқан Аяжанның туыстары марқұмның денесін әлі жер қойнына тапсыра алмай отырғандарын жеткізді. Олар тергеу салдарынан дене бөлшектері берілмей отырғанын мәлімдеді. Ал қоғамда тараған қауесет әңгімелер күдіктінің жазасын жеңілдету мақсатында деп топшылады.

«Бұл қылмыстық істі 26-шы наурыздан бастап арнайы прокурорлар жан-жақты тергеп жатыр. Біз тергеу барысын жария ете алмаймыз. Оны таратуға немесе қандай да бір ақпарат айтуға құқығымыз жоқ. Қазір 28 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр», — деді ҚР ІІМ тергеу бөлімінің бастығы Ермек Шүлден.

Еске салсақ, 19 жастағы Аяжан 19-шы наурыз күні кешкісін жұмыстан шығып, қайта оралмаған еді. Оның бөлшектелген денесі араға екі күн салып, Нұркент ықшамауданындағы пәтерлердің бірінен табылды.

Күдікке 28 жастағы Түркістан облысының тумасы ілікті. Оның кінәсі дәлелденсе, Қылмыстық Кодестің 99 бабы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

[:]