АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Автобуста бала бетімен терезеге «жаншылып» қалды: Әкім мән-жайды түсіндірді[:]

[:kz]

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов адамғы лық толы микроавтобуста терезеге бетімен жаншылған баланың суретін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ия, расында, көлік жетіспейді, бірақ бұл мәселе шешімін табуда. Енді келісім бойынша олар автопаркті жаңарту үшін Қытайдың Yutong брендінен тікелей автобус сатып аламыз», — деді қала әкімі. 

Ол облыс әкімінің тапсырмасымен бәсекелестікті дамыту және жағдай жасау мақсатында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы қосымша автобустар сатып алынғанын айтты.

Оның айтуынша, жалғыз «Жолаушы» ЖШС қаладағы көлік қозғалысы үшін жауап береді.

«Қазіргі уақытта біз бұл монополистке тәуелдіміз, ол да жаңартуға тырысуда, бірақ бұл оңай емес. Бізде өте ыстық ауа-райында кондиционерлер, камералар болуы керек. Қаламыз халықаралық деңгейге көтерілетінін ескере отырып, бізге көлік қолжетімді болуы керек. Сондықтан қазір біз пандустардың болуын талап етудеміз, жұмыс жалғасуда, менің ойымша, бір жыл ішінде мәселе шешіле бастайды», — деп қорытындылады Рашид Аюпов.

Әлеуметтік желілерде адамға лық толы автобустағы баланың суреті тарады. Кептелістің салдарынан бала бетімен терезеге жаншылып қалған. Қазнет қолданушылары түркістандық студентті қолдап, жанашырлықтарын білдірді.

«Ол не болса да, оқу керек деп ойлайды», «Бұнда күлкілі ештеңе жоқ! Байқұс бала», «Мектепке қалайда бару керек болып тұр ғой», «Қазақстанның бүкіл мәні бір фотода», — деп жазды желі қолданушылары.

[:]